Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
- Атауы (қаз.)
- Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 36
- Қабылданған күні
- 05.03.2024
- Көрсетілген редакция
- 05.03.2024 195486_694275.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24FD025318
- ЭКБ идентификаторы
- 195486
- Редакция идентификаторы
- 195486_694275
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:48
0 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2 2. «Абай облысы Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Абай ауданының әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Абай аудандық
мәслихатының төрағасы М.Нұрсұлтанұлы
7 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Абай ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 5 наурыздағы
№ 36 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік
қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1 1. Басқарушы персонал: арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшысы мен оның орынбасары (стационарлық, жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар, үйде қызмет көрсету ұйымдар, уақытша болу ұйымдар, аумақтық және оңалту орталықтары).
2
2. Негізгі персонал:әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, барлық мамандықтағы дәрігерлер, фельдшер, мейіргер, фармацевт, диеталық мейіргер, барлық мамандықтағы мұғалімдер, тәрбиеші, дефектолог, психолог, логопед, әдіскер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, емдік денешынықтыру жөніндегі инструктор, жүзу жөніндегі инструктор, музыкалық жетекші, еңбек терапиясы жөніндегі инструктор, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
3 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
3. Әкімшілік персонал: кітапханашы.
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн мәдениет
саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі