Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба
- Атауы (қаз.)
- Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 15
- Қабылданған күні
- 10.04.2024
- Көрсетілген редакция
- 10.04.2024 195498_710488.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24SE00015B
- ЭКБ идентификаторы
- 195498
- Редакция идентификаторы
- 195498_710488
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:07
0 Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы
төтенше жағдай жариялау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1 - тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48 және 50-бабтарына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның төтенше жағдайларының алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының 2024 жылғы 8 сәуірдегі № 3 хаттамасының негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2 2. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасары Е.Қ. Аманжолов төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсын.
3 3. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;