Құжат мәтініне өту

О введении запрета на ввоз пшеницы на территорию Республики Казахстан автомобильным, водным и железнодорожным транспортом

Бұйрық · № 125 · қабылданған 11.04.2024
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-195522/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
О введении запрета на ввоз пшеницы на территорию Республики Казахстан автомобильным, водным и железнодорожным транспортом Күшін жойған Бұйрық ·№ 125 ·11.04.2024
19.08.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О введении запрета на ввоз пшеницы на территорию Республики Казахстан автомобильным, водным и железнодорожным транспортом

Күшін жойған Бұйрық ·№ 125 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О введении запрета на ввоз пшеницы на территорию Республики Казахстан автомобильным, водным и железнодорожным транспортом
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль, су және теміржол көлігімен бидай әкелуге тыйым салуды енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
125
Қабылданған күні
11.04.2024
Көрсетілген редакция
19.08.2024 195522_716495.kaz
Соңғы өзгеріс
19.08.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034251
ЭКБ идентификаторы
195522
Редакция идентификаторы
195522_716495
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:06

0 Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль, су және теміржол көлігімен бидай әкелуге тыйым салуды енгізу туралы

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына және 18-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына, 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) 29-бабына, сондай-ақ Шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Тек өндіру және тұтыну үшін құс шаруашылығы және ұн тарту кәсіпорындарының атына теміржол көлігімен әкелуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автомобиль, су және теміржол көлігімен бидай (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды: 100119; 100199) әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.

2 2. Құс шаруашылығы және ұн тарту кәсіпорындарының атына әкелінген бидай ішкі және сыртқы нарықтарда өткізілмеуі тиіс.

Осы бұйрықтың 1-тармағында белгіленген тыйым салу Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде басталатын және аяқталатын теміржол транзиттік тасымалдары шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін бидайға қолданылмайды.

3 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3 3) құс шаруашылығы және ұн тарту кәсіпорындары тізбесінің қалыптастырылуын және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына жолдануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы