Құжат мәтініне өту

Об утверждении форм, предназначенных для сбора административных данных в области проектного управления

Бұйрық · № 213/НҚ · қабылданған 09.04.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-195565/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении форм, предназначенных для сбора административных данных в области проектного управления Қолданыста Бұйрық ·№ 213/НҚ ·09.04.2024
09.04.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении форм, предназначенных для сбора административных данных в области проектного управления

Қолданыста Бұйрық ·№ 213/НҚ · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении форм, предназначенных для сбора административных данных в области проектного управления
Атауы (қаз.)
Жобалық басқару саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
213/НҚ
Қабылданған күні
09.04.2024
Көрсетілген редакция
09.04.2024 195565_694894.kaz
Соңғы өзгеріс
09.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24IPM00213
ЭКБ идентификаторы
195565
Редакция идентификаторы
195565_694894
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:08

0 Жобалық басқару саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 470 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында Мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Жобалау басқармасында сертификатталған мемлекеттік қызметшілердің өсуі жөніндегі мәліметтер» жобалық басқару саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған қоса беріліп отырған нысан бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жобалық басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросының
басшысы
_______________М. Тұрлыбаев
МО

0 «Жобалау басқармасында сертификатталған мемлекеттік қызметшілердің өсуі жөніндегі мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2024 жылғы «___» __________
№ ___ бұйрығына қосымша
«Жобалау басқармасында сертификатталған мемлекеттік қызметшілердің өсуі жөніндегі мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: жобалық басқару саласындағы уәкілетті органға.
Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/activities/34276?lang=ru.
Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: Жобалау басқармасында сертификатталған мемлекеттік қызметшілердің өсуі.
Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: ЖБСМҚӨ-1.
Кезеңділік: жылдық.
Есепті кезең: 202_ жыл.
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы.
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 ақпанынан кешіктірмей.
№ р/н
Жобалау басқармасында сертификатталған мемлекеттік қызметшілердің саны
Ағымдағы 20__жылғы факт
Өткен 20__ жылғы факт
1
2
4
5
3
7
8
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық почта мекенжайы______________________________________
Орындаушы _____________________________________ _____________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам________________________________ ____________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны

1 Жобалық басқару саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған «Жобалау басқармасында сертификатталған мемлекеттік қызметшілердің өсуі жөніндегі мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсініктеме

«Жобалау басқармасында
сертификатталған мемлекеттік
қызметшілердің өсуі жөніндегі
мәліметтер» жобалық басқару
саласындағы әкімшілік
деректерді жинауға арналған
нысанға қосымша
Жобалық басқару саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған «Жобалау басқармасында сертификатталған мемлекеттік қызметшілердің өсуі жөніндегі мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсініктеме

1 1. Осы түсіндірме «Жобалау басқармасында сертификатталған мемлекеттік қызметшілердің өсуі» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

2 2. Нысанды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы толтырады.

3 3. Нысанға құрылымдық бөлімшенің бірінші басшысының жетекшілік ететін орынбасары не оның міндетін атқарушы тұлға, оның тегін және аты-жөнін көрсете отырып қол қояды.

4 4. Нысан жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 ақпанынан кешіктірілмей беріледі.

5 5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

6 6. Нысан келесідей толтырылады:

1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;
2-бағанда ағымдағы 20__жылғы жобалау басқармасында сертификатталған мемлекеттік қызметшілердің саны көрсетіледі;
3-бағанда өткен 20__ жылғы жобалау басқармасында сертификатталған мемлекеттік қызметшілердің саны көрсетіледі.

Қолданыстағы