Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министра обороны Республики Казахстан

Бұйрық · № 359 · қабылданған 12.04.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-195614/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министра обороны Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 359 ·12.04.2024
15.07.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Министра обороны Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 359 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министра обороны Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
359
Қабылданған күні
12.04.2024
Көрсетілген редакция
15.07.2025 195614_773965.kaz
Соңғы өзгеріс
15.07.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034255
ЭКБ идентификаторы
195614
Редакция идентификаторы
195614_773965
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:03

0 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің

кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

0 Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2024 жылғы 12 сәуірдегі
№ 359 Бұйрықпен
бекітілген
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі

1

1. «Әскери оқу орындарында әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 372 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15524 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктелсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери оқу орындарында әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңның 7-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына және 26-бабының 10-тармағына сәйкес үлгерімсіздігі, тəртіпсіздігі үшін, өз бастамасы бойынша, теріс себептермен, Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуға байланысты əскери қызметтен шығару салдарынан əскери оқу орнынан шығарылған, сондай-ақ əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасаудан бас тартқан курсант немесе кадет оқытудың бірінші жылының шығынын қоспағанда, әскери оқу орнында оны оқыту кезеңінде тамақтандыруды қамтамасыз етуге, стипендия төлеуге және жол жүруіне арналған шығынға сәйкес келетін ақшаны мемлекетке өтейді.
Шет мемлекетте әскери оқу орнында оқып жатқан немесе бітірген әскери қызметшілер үшін теріс себептермен, Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуға байланысты немесе аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сәйкес еместігі бойынша әскери қызметтен шығарылған жағдайда мемлекетке әскери оқу орнында оқу кезеңінде жол жүргені үшін шығысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен оқитын елі арасында жасалған келісімшарт сомасына барабар ақшаны өтеуге міндетті.
Көрсетілген міндеттемелер әскери оқу орнындағы оқытудың бірінші жылы ішінде оқудан шығарылған және келесі курсқа көшірілмеген, мерзімді әскери қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін белгіленген тәртіппен әскери бөлімге (мекемеге) жіберілген курсанттар мен кадеттерге қолданылмайды.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Әскери бөлім (мекеме) тиісті басқару органы арқылы курсантты, кадетті не офицерді теріс себептермен шығару және әскери есепке қою туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаментін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.»;
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Әскери қызметші оқыған кезеңде Департамент және әскери оқу орны жыл сайын әрбір әскери қызметшіге жиынтық есепті қалыптастырады және әскери оқу орны білім алатын әскери қызметшінің жеке (оқу) ісіне тігеді және оқудан шығарылғаннан немесе оқуды бітіргеннен кейін бір ай мерзімде жергілікті әскери басқару органына немесе әскери бөлімге (мекемеге) жібереді.
9. Заңның 26-бабының 10-тармағында көрсетілген әскери қызметшілер оқуға жұмсалған ақшаны өз еркімен өтеуден бас тартқан жағдайда жергілікті әскери басқару органы қызметтен шығарылғаннан кейін бір ай мерзімде өтеу жөніндегі материалдарды сотқа береді.
Оқудан шығарылған немесе қызметтен шығарылған әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған өтеуге жататын шығын сомасы қорғаныс істері жөніндегі департаментте бухгалтерлік есеп бойынша есепке алынады.».

3 3. «Қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15602 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктелсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру қағидаларында:
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Уәкілетті орган жобаны Әлеуетті орындаушыдан алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жобаға сараптама жүргізу үшін жобаны Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің әскери ғылыми-зерттеу орталығына (бұдан әрі – ҰҚУ ӘҒЗО) жібереді.»;
37-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
39-тармақ алып тасталсын.

Қолданыстағы