О правилах содержания собак и кошек в городе Усть-Каменогорске
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О правилах содержания собак и кошек в городе Усть-Каменогорске
- Атауы (қаз.)
- Өскемен қаласындағы иттер мен мысықтарды ұстау ережесi туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5/10
- Қабылданған күні
- 07.04.2004
- Көрсетілген редакция
- 16.04.2010 AI19568_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.04.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V04VA001758
- ЭКБ идентификаторы
- 19568
- Редакция идентификаторы
- AI19568_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:15
0 Өскемен қаласындағы иттер мен мысықтарды ұстау ережесi туралы
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi № 339-II Заңының 10 бабына сәйкес, "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiнiң 311 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 6 бабының 8 тармағына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТI:
1 1. "Өскемен қаласында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесi" бекiтiлсiн (қосымша).
2 2. Қалалық мәслихаттың 1996 жылғы 12 сәуiрдегi "Өскемен қаласындағы иттер, мысықтар және жыртқыш жануарларды ұстау Ережесi" шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3 Өскемен қаласындағы иттер мен мысықтарды ұстау ЕРЕЖЕЛЕРI
Қалалық мәслихаттың
2004 жылғы 08 сәуірдегі
№ 5/10 шешiмiне
қосымша
Өскемен қаласындағы иттер мен мысықтарды ұстау
ЕРЕЖЕЛЕРI
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы ереже қала аумақтарында иттерi мен мысықтары бар барлық заңды және жеке тұлғаларға таратылады, бұдан әрi мәтiн бойынша "Иеленушi".
2
2. Иттерi, мысықтары бар иеленушiлер жалпы пайдаланудағы орындарды осы жануарлармен ластауға жол бермеудi (олардың артынан мiндеттi түрде жинау), санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық-санитарлық нормалар мен оларды ұстау ережелерiн қатаң сақтауға, сондай-ақ адамдардың қауiпсiздiгiн мiндеттi түрде қамтамасыз етуге, үйде сағат 23-00-ден 7-00-ге дейiн тыныштықты қамтамасыз етуге мiндеттi.
3 3. 2 тармақта көрсетiлген талаптарды сақтау кезiнде, ұстауға рұқсат етiледi:
1 1) жеке үйлерде иттер-тек қана жақсы қоршалған аумақтарда, иттiң бар екендiгi туралы кiреберiсте ескертетiн жазу болу керек;
2 2) санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қызмет рұқсатымен балалар мен жасөспiрiмдер мекемелерiнде, жазғы және қысқы сауықтыру санитарлық-курорттық мекемелерде (санаториялар, демалу орындары, пансионаттар) "зообұрыштарда", "тiрi бұрыштарда" иттер, мысықтар мен басқа жануарлар;
3 3) мекемелер мен ұйымдардағы күзет иттердi тек қана байлауда немесе вольерлерде;
4 4) тыйым салынатын жазулар жоқ болса, мекемелерде, азық-түлiк емес дүкендерде, поштада тұмылдырықпен және қысқа баулы итпен иесi болса рұқсат етiледi.
4 4. Қалалық көлiктерде иттер мен мысықтарды тасымалдау жолаушыларды мазаламау шартымен жүзеге асырылуы керек. Жануарлар не тұмылдырықта, не арнайы бөлiктерде, қолдорбаларда болу керек.
5
5. Қоғамдық орындарда иттердi адамдар ертiп жүрмесе (көшелерде, аула аумақтарында, бақтарда, саябақтарда және басқа жерлерде) иелерi байлауда қалдырғандардан басқасы, қаңғып жүрген деп есептелiп, қаңғыбас кезбе және өлген жануарлар өлексесiн жинау және 5 тәулiк iшiнде оларды вольерлерде ұстау бойынша арнайы мекемемен мiндеттi түрде ұстауға жатады.
Бес тәулiк iшiнде иттердiң иелерi жануарларды қайтарып алу үшiн қаңғыбас кезбе жануарларды ұстау бойынша арнайы мекемеге немесе "Өскемен қаласының көрiктендiру басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне хабарласа алады.
2 2. Иттер мен мысықтар иелерiнiң мiндеттерi
6 6. Жануарлардың иелерi мiндеттi:
1
1) сатып алған кезден бастап екi апта мерзiмiнде өз жануарларын, әсiресе күрескер тұқымдас иттердiң (америкалық питбультерьер, америкалық стаффордширский терьер, бультерьер, америкалық бульдог) иелерi Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлiгiнiң қалалық аумақтық басқармасының ветеринарлық инспекция бөлiмiне өз жануарларын тiркеуге;