Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Қаулы · № 567 · қабылданған 11.04.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-195683/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута на земельные участки Қолданыста Қаулы ·№ 567 ·11.04.2024
11.04.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Қолданыста Қаулы ·№ 567 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута на земельные участки
Атауы (қаз.)
Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
567
Қабылданған күні
11.04.2024
Көрсетілген редакция
11.04.2024 195683_696468.kaz
Соңғы өзгеріс
11.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24NA00567A
ЭКБ идентификаторы
195683
Редакция идентификаторы
195683_696468
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:04

0 Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1 тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 27 ақпандағы № 93, № 95, № 96, 2024 жылғы 1 наурыздағы № 101 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесіне елді мекендердің жері санатынан осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

Әкімдіктің
2024 жылғы 11 сәуірдегі
№ 567 қаулысына
қосымша
«Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

1 1) Қостанай қаласы, Карбышев көшесі, «Қостанай-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының желісіне қосылғанға дейін № 2, № 2 Д үйлердің арасында мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0252 гектар, инженерлік коммуникацияларды (сумен жабдықтау желілері) жүргізу үшін;

2 2) Қостанай қаласы, Жуковский 1-өтпе жолы көшесі мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0729 гектар, су бөлу желісіне қызмет көрсету үшін;

3 3) Қостанай қаласы, 5 шағын ауданы, № 10 және № 14 үйлердің арасында мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0287 гектар, жылумен жабдықтау желісіне қызмет көрсету үшін;

4 4) Қостанай қаласы, Киевская көшесі, № 24 және № 24/1 үйлердің арасында мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0290 гектар, жылумен жабдықтау желісіне қызмет көрсету үшін;

5 5) Қостанай қаласы, Қасымханов көшесі, 91-үй мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0229 гектар, инженерлік желілерді (жылумен жабдықтау құбырлары) жүргізу үшін;

6 6) Қостанай қаласы, Кубеев көшесі, 17 мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0324 гектар, инженерлік желілерді (жылумен жабдықтау құбырлары) жүргізу үшін.

Қолданыстағы