Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях по вопросам обеспечения прав женщин и безопасности детей

Заң · № 73-VIII · қабылданған 15.04.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-195690/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях по вопросам обеспечения прав женщин и безопасности детей Қолданыста Заң ·№ 73-VIII ·15.04.2024
15.04.2024 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях по вопросам обеспечения прав женщин и безопасности детей

Қолданыста Заң ·№ 73-VIII · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях по вопросам обеспечения прав женщин и безопасности детей
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
73-VIII
Қабылданған күні
15.04.2024
Көрсетілген редакция
15.04.2024 195690_695705.kaz
Соңғы өзгеріс
15.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z2400000073
ЭКБ идентификаторы
195690
Редакция идентификаторы
195690_695705
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:00

0 Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық

туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы

1 1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) 54-бапта:

бірінші бөліктегі «73-1, 73-2,» деген цифрлар алып тасталсын;
екінші бөліктегі «ерекше жағдайларда тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға осы адамның басқа да тұрғынжайы болған жағдайда, жәбiрленушiмен бiрге жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда» деген сөздер «айрықша жағдайларда, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға тұрғын үйде жәбiрленушiмен бірге» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
«2-1. Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгіленген кезде сот психологиялық көмек көрсету бойынша шаралар белгілеуге құқылы.»;

2 2) 64-бапта:

бірінші бөлікте:
«73-1 (бірінші бөлігінде), 73-2 (бірінші бөлігінде),» деген сөздер алып тасталсын;
«79 (бірінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «127-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
1-1-бөлікте:
бірінші абзацтағы «73, 73-1 (1-1-бөлігінде), 73-2 (1-1-бөлігінде) және 73-3-баптарда» деген сөздер «73 және 73-3-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «, 73-1-бабының 1-1-бөлігі және 73-2-бабының 1-1-бөлігі» деген сөздер алып тасталсын;

3 3) 73-баптың бірінші бөлігіндегі «жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда» деген сөздер «тұрғын үйде» деген сөздермен ауыстырылсын;

4 4) 73-1 және 73-2-баптар алып тасталсын;

5 5) 127-бапта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«127-бап. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамау»;
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдердің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және (немесе) оларға білім беру, олардың құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға күтім жасау және оларды күтіп-бағу жөніндегі шараларды орындамауы –»;

6 6) мынадай мазмұндағы 127-2-баппен толықтырылсын:

«127-2-бап. Кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу
(буллинг, кибербуллинг)
1. Кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу (буллинг, кибербуллинг) –
ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, он екі жастан он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адам жасаған әрекет –
ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;

7 7) 461-бапта:

мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
жиырма тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.»;
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «бірінші бөлігінде» деген сөздер «бірінші және 1-1-бөліктерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;

8 8) 593-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

«1-1. Он алты жасқа толмаған, ата-анасы және (немесе) өзінің заңды өкілі ертіп жүрмеген адамды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіріп кету –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;

9 9) 684-баптың бірінші бөлігінде:

«73-1, 73-2,» деген цифрлар алып тасталсын;
«126,» деген цифрлардан кейін «127-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;

10 10) 804-баптың бірінші бөлігінде:

1) тармақшада:
«73-1, 73-2,» деген цифрлар алып тасталсын;
«127,» деген цифрлардан кейін «127-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
4) тармақшадағы «73-1, 73-2,» деген цифрлар алып тасталсын;
5) тармақшадағы «73-1 (бірінші бөлігі), 73-2 (бірінші бөлігі),» деген сөздер алып тасталсын;
49) тармақшадағы «127-1,» деген цифрлар «127, 127-1, 127-2,» деген цифрлармен ауыстырылсын;
65) тармақшадағы «135-бап» деген сөздер «127, 127-1, 127-2, 135-баптар» деген сөздермен ауыстырылсын.

2 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы