Құжат мәтініне өту

Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории района Аксуат

Қаулы · № 60 · қабылданған 14.02.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-195710/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории района Аксуат Қолданыста Қаулы ·№ 60 ·14.02.2024
27.12.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории района Аксуат

Қолданыста Қаулы ·№ 60 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории района Аксуат
Атауы (қаз.)
Ақсуат ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
60
Қабылданған күні
14.02.2024
Көрсетілген редакция
27.12.2024 195710_756440.kaz
Соңғы өзгеріс
27.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24FC025718
ЭКБ идентификаторы
195710
Редакция идентификаторы
195710_756440
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:12

0 Ақсуат ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін

орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Ақсуат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақсуат ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

2 2. «Абай облысы Ақсуат ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Ақсуат ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсуат ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Ақсуат ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Ақсуат ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 14 ақпандағы
№ 60 қаулысына
қосымша
Ақсуат ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Нақты орналасқан жері
Алып отырған алаңы, шаршы метр
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл
Қызмет
саласы
Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)
1.
Ақсуат ауылы, Байыс баба көшесі № 7 орналасқан «Сұлтан» қоғамдық тамақтану орынына қарама-қарсы
100
5
Азық-түлік және
азық-түлік емес тауарлары
«Қарақат», «Динара», Дамир», «Ақерке» сауда дүкендері
2.
Ақсуат ауылы, Сейфуллин көшесінде орналасқан «Ырғызбай Досханаұлы» атындағы орталық стадионның сол жағында
80
5
Азық-түлік және
азық-түлік емес тауарлары
«Әсел» сауда дүкені
3.
Құмкөл ауылы, Қабанбай көшесі №17 орналасқан «Айтолқын» сауда дүкеніне қарама-қарсы
100
5
Азық-түлік және
азық-түлік емес тауарлары
«Айтолқын», «Ерасыл» сауда дүкендері
4.
Ойшілік ауылы, Қабанбай көшесінде орналасқан №39 ғиамаратқа қарама-қарсы
100
5
Азық-түлік және
азық-түлік емес тауарлары
«Инабат» сауда дүкені

Қолданыстағы