Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов, тарифов для населения на сбор, транспортировку и захоронение твердых бытовых отходов по Жамбылскому району Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов, тарифов для населения на сбор, транспортировку и захоронение твердых бытовых отходов по Жамбылскому району Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 17/2
- Қабылданған күні
- 16.04.2024
- Көрсетілген редакция
- 25.12.2024 195746_744960.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24SG00172M
- ЭКБ идентификаторы
- 195746
- Редакция идентификаторы
- 195746_744960
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:00
0 Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағы 2) және 3) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығына, «Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифтер осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Жамбыл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы мәслихатының
2024 жылғы 16 сәуірдегі
шешіміне 1-қосымша
Жамбыл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Реттік нөмірі
Коммуналдық қалдықтарды жинақтау объектісі
Есеп бірлігі
Коммуналдық қалдықтарды жинақтаудың жылдық нормасы, м3
1
Жайлы және жайлы емес үйлер
1 тұрғын
2,24
2
Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар
1 орын
0,73
3
Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері
1 орын
0,8
4
Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер
1 орын
0,62
5
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері
1 қызметкер
1,11
6
Емханалар, медициналық орталықтар
1 келіп кету
0,0058
7
Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері
1 төсек-орын
1,15
8
Мектептер және өзге оқу орындары
1 оқушы
0,23
9
Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері
1 отыратын орын
1,17
10
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар
1 отыратын орын
-
11
Мұражайлар, көрмелер
Жалпы алаңы 1 м2
-
12
Стадиондар, спорт алаңдары
Жоба бойынша 1 орын
0,02
13
Спорт, би және ойын залдары
Жалпы алаңы 1 м2
0,058
14
Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер
сауда алаңы 1 м2
0,85
15
Көше саудасы
сауда орнының 1 м2
0,32
16
Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер
Сауда алаңы 1 м2
0,32
17
Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары
Жалпы алаңы 1 м2
0,45
18
Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету
Жалпы алаңы 1 м2
-
19
Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар
Жалпы алаңы 1 м2
-
20
Жағажайлар, жолдардан көше сметалары
Жалпы алаңы 1 м2
0,78
21
Дәріханалар
Сауда алаңы 1 м2
0,41
22
Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС
1 машина-орын
3,41
23
Автомобиль шеберханалары
1 жұмысшы
-
24
Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер
1 гаражға
-
25
Шаштараздар, косметикалық салондар
1 жұмыс орны
0,34
26
Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі
Жалпы алаңы 1 м2
0,47
27
Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары
Жалпы алаңы 1 м2
-
28
Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)
Жалпы алаңы 1 м2
-
29
Моншалар, сауналар
Жалпы алаңы 1 м2
-
30
Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары
1000 қатысушы
-
31
Бау-бақша кооперативтері
1 учаске
-
2 Жамбыл ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау және көму тарифтері
Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы мәслихатының
2024 жылғы 16 сәуірдегі
шешіміне 2-қосымша
Жамбыл ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау және көму тарифтері
Атауы
жинау және тасымалдау
көму
барлығы
Құны (теңгенің қосылған құн салығынсыз)
Бір адамға
205,86
70,78
276,64