О внесении изменений в некоторые решения Министерства здравоохранения Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые решения Министерства здравоохранения Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 242
- Қабылданған күні
- 15.04.2024
- Көрсетілген редакция
- 15.04.2024 195793_697180.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24RR000242
- ЭКБ идентификаторы
- 195793
- Редакция идентификаторы
- 195793_697180
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:01
0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін.
2 2. Мыналар:
1
1) «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 328 бұйрығының 1-тармағының 1) тармақшасы;
2 2) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қарашадағы № 734 бұйрығының 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Персоналды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннің ішінде:
1
1) электрондық түрде қазақ және орыс тілдеріндегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;