Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Абайского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Абайского района
- Атауы (қаз.)
- Абай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 62
- Қабылданған күні
- 09.04.2024
- Көрсетілген редакция
- 09.04.2024 195847_696092.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24FD026218
- ЭКБ идентификаторы
- 195847
- Редакция идентификаторы
- 195847_696092
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:07
0 Абай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін
орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Абай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
2 2. «Абай ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Абай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Абай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
Абай ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 9 сәуірдегі
№ 62 қаулысына
қосымша
Абай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№
Нақты орналасу орны
Алатын алаңы (шаршы метр)
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл
Қызмет саласы
Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)
1
Қарауыл ауылдық округі, Мұхаметханов көшесі № 53, ғимаратқа қарама-қарсы (Қазпошта)
50
5
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату
«Араш» дүкені
2
Қарауыл ауылдық округі, Мамай көшесі № 68, ғимаратқа қарама-қарсы (КМФ банкі)
50
5
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату
«Тоты» дүкені
3
Кеңгірбай би ауылдық округі, С. Сүндетбаев көшесі №15, ғимаратқа қарама-қарсы
50
5
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату
«Сәт» дүкені
4
Көкбай ауылдық округі, Шәкәрім көшесі
№ 26, ғимаратқа қарама-қарсы (Қазпошта)
50
5
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату
«Ақзер» дүкені
5
Құндызды ауылдық округі, Шәкәрім көшесі
№ 72, ауылдық клубқа қарама-қарсы
50
5
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату
«Ұлан» дүкені
6
Медеу ауылдық округі, Тұрағұл Абайұлы көшесі №12, «Гүлзада» дүкенінің оң жағында
50
5
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату
«Гүлзада» дүкені
7
Тоқтамыс ауылдық округі, Шәкәрім Құдайбердіұлы №9, ауылдық клубқа қарама қарсы
50
5
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату
Жоқ
8
Саржал ауылдық округі, Қ. Қайырханов көшесі № 16, «Қуаныш» дүкенінің оң жағында
50
5
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату
«Мирас» дүкені
9
Архат ауылдық округі, З. Белібаев көшесі № 27, «Слямова» дүкенінің оң жағында
50
5
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату
«Слямова» дүкені
10
Қасқабұлақ ауылдық округі, Әуезов көшесі № 3, «Махаббат» дүкенінің сол жағында
50
5
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату
«Махаббат» дүкені