Құжат мәтініне өту

Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по району Аксуат

Өзге акт · № 14/15-VIII · қабылданған 08.04.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-195854/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по району Аксуат Қолданыста Өзге акт ·№ 14/15-VIII ·08.04.2024
08.04.2024 редакциясы
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по району Аксуат

Қолданыста Өзге акт ·№ 14/15-VIII · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по району Аксуат
Атауы (қаз.)
Ақсуат ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
14/15-VIII
Қабылданған күні
08.04.2024
Көрсетілген редакция
08.04.2024 195854_696148.kaz
Соңғы өзгеріс
08.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24FC026518
ЭКБ идентификаторы
195854
Редакция идентификаторы
195854_696148
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:08

0 Ақсуат ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-9 тармағына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес, Ақсуат аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Ақсуат ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. Ақсуат ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес анықталсын.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Тұрғын үй сертификатының мөлшері

Ақсуат аудандық мәслихатының
2024 жылғы 8 сәуірдегі
№ 14/15-VIII шешіміне
1 қосымша
Тұрғын үй сертификатының мөлшері

1 1. Қарыз сомасының 10%, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

2 2. Қарыз сомасының 10%, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

7 Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі

Ақсуат аудандық мәслихатының
2024 жылғы 8 сәуірдегі
№ 14/15-VIII шешіміне
2 қосымша
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі

Атауы
1
Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар
2
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар
3
Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар
4
Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар
5
Ұлы Отан соғысының ардагерлері
6
Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер
7
Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер
8
Қандастар
9
Экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар
10
Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары
11
Толық емес отбасылар
12
Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері
13
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар

Қолданыстағы