О внесении изменений в некоторые приказы Министра обороны Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые приказы Министра обороны Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 405
- Қабылданған күні
- 22.04.2024
- Көрсетілген редакция
- 22.04.2024 195941_697189.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034288
- ЭКБ идентификаторы
- 195941
- Редакция идентификаторы
- 195941_697189
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:53
0 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің
кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткiзу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 745 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13014 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 139-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткiзу қағидалары мен шарттары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi 139-бабының 7-тармағына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілерін (бұдан әрi – қызметкерлер) аттестаттаудан өткiзу тәртiбi мен шарттарын айқындайды.»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Экономика және қаржы департаментінің бастығы:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарында:
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Аттестаттау комиссиясының шешімін әскери бөлімнің (мекеменің) басшысы бір ай мерзімде бекітеді, ол туралы әскери бөлім (мекеме) бойынша бұйрықта жарияланады.».
2
2. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қазыналық кәсіпорындарының басшыларына сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу және материалдық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 6 қыркүйектегі № 616 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17438 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қазыналық кәсіпорындарының басшыларына сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу және материалдық көмек көрсету қағидаларында:
6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) оған қатысты құқыққа сыйымсыз іс-қимылдардың жасалуы (тонау, ұрлық), сондай-ақ табиғи зілзала (өрт, су тасқыны, жер сілкінісі) салдарынан мүліктік залал келтірілгенде – бес базалық лауазымдық айлықақыдан аспайтын мөлшерде;»;
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Материалдық көмек еркін нысанда жасалған өтініш негізінде көрсетіледі. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) оның отбасы мүшелері, жақын туыстары (ерлі-зайыптылар, ата-аналары, балалары, асыраушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелерi, немерелерi) немесе жекжаттары (ерлі-зайыптылардың аға-інілері, апа-сіңлілері, ата-аналары мен балалары) қайтыс болған жағдайда:
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
оның отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының (ерлі-зайыптылардың, ата-аналарының, балаларының, асыраушыларының, асырап алынғандарының, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілерінің (қарындастарының), аталарының, әжелерiнің, немерелерiнің) немесе жекжаттарының (ерлі-зайыптылар аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің, ата-аналары мен балаларының) қайтыс болғанын растайтын құжаттардың көшірмелері;
қайтыс болған адаммен туыстығын растайтын құжаттардың көшірмелері;
2) оған қатысты құқыққа сыйымсыз іс-қимылдар (тонау, ұрлық) жасалу салдарынан мүліктік залал келтірілген жағдайда:
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
оны жәбірленуші ретінде тану туралы қаулының көшірмесі;
3) табиғи зілзала (өрт, су тасқыны, жер сілкінісі) салдарынан мүліктік залал келтірілген жағдайда:
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
мүліктік залал келтірілгенін растайтын Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарынан алынған құжаттардың көшірмелері;
4) некеге тұрған кезде:
ерлі-зайыптылардың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
некеге тұру туралы куәліктің көшірмесі;
5) бала туғанда, ұл немесе қыз бала асырап алған кезде:
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
баланың (балалардың) туу туралы куәлігінің көшірмесі;
ұл немесе қыз баланы (балаларды) асырап алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері;
6) зейнеткерлікке шыққан кезде:
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
зейнеткерлік жасқа толуына байланысты қызметтен шығару туралы бұйрықтан үзінді.».