Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в административно-территориальное устройство Глубоковского и Тарбагатайского районов Восточно-Казахстанской области

Қаулы · № 91 · қабылданған 11.04.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-195990/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в административно-территориальное устройство Глубоковского и Тарбагатайского районов Восточно-Казахстанской области Қолданыста Қаулы ·№ 91 ·11.04.2024
11.04.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в административно-территориальное устройство Глубоковского и Тарбагатайского районов Восточно-Казахстанской области

Қолданыста Қаулы ·№ 91 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в административно-территориальное устройство Глубоковского и Тарбагатайского районов Восточно-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысының Глубокое және Тарбағатай аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
91
Қабылданған күні
11.04.2024
Көрсетілген редакция
11.04.2024 195990_714800.kaz
Соңғы өзгеріс
11.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24V0900916
ЭКБ идентификаторы
195990
Редакция идентификаторы
195990_714800
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:05

0 Шығыс Қазақстан облысының

Глубокое және Тарбағатай аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3, 8, және 11-баптарына сәйкес, «Глубокое ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» бірлескен Глубокое ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 14 тамыздағы № 313 қаулысы мен Глубокое аудандық мәслихатының 2023 жылғы 5 қазандағы № 5/5-VIII шешімінің, «Тарбағатай ауданының әкімшілік аумақ құрылысына өзгерістер енгізу туралы» бірлескен Тарбағатай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 қазандағы № 8/3 шешімі мен Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 23 қазандағы № 234 қаулысының негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

Глубокое ауданы бойынша:
Алтай және Верхнеберезовка кенттері ауылдар санатына жатқызылсын;
мынадай елді мекендер:
Алтай ауылының Калинино ауылы;
Кожохово ауылдық округінің Сметанино ауылы;
Краснояр ауылдық округінің Аврора станциясы таратылсын және өзге қоныстар санатына жатқызылсын;
таратылатын ауылдардың аумақтары:
Калинино қонысы Алтай ауылының құрамына;
Сметанино қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Кожохово ауылдық округінің Кожохово ауылының құрамына;
Аврора қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Краснояр ауылдық округінің Предгорное ауылының құрамына енгізілсін;
Тарбағатай ауданы бойынша:
мынадай елді мекендер:
Ақжар ауылдық округінің Сағындық ауылы;
Қарасу ауылдық округінің Өтеген ауылы;
Маңырақ ауылдық округінің Жалғызтөбе ауылы таратылсын және өзге қоныстар санатына жатқызылсын;
таратылатын ауылдардың аумақтары:
Сағындық қонысы шекаралары өзгертіле отырып Ақжар ауылдық округінің Жаңалық ауылының құрамына;
Өтеген қонысы шекаралары өзгертіле отырып Қарасу ауылдық округінің Қарасу ауылының құрамына;
Жалғызтөбе қонысы шекаралары өзгертіле отырып Маңырақ ауылдық округінің Дәулетбай ауылының құрамына енгізілсін.

2 2. Осы бірлескен қаулы және шешім олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы