Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута на земельный участок

Қаулы · № 621 · қабылданған 19.04.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-196011/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута на земельный участок Қолданыста Қаулы ·№ 621 ·19.04.2024
19.04.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута на земельный участок

Қолданыста Қаулы ·№ 621 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута на земельный участок
Атауы (қаз.)
Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
621
Қабылданған күні
19.04.2024
Көрсетілген редакция
19.04.2024 196011_697207.kaz
Соңғы өзгеріс
19.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24NA00621A
ЭКБ идентификаторы
196011
Редакция идентификаторы
196011_697207
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:54

0 Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1 тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 28 наурыздағы № 153 бұйрығымен бекітілген жерге орналастыру жобасы негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне елді мекендердің жері санатынан «Қонай шағын ауданында сыртқы жарықтандырудың құрылысы» объектісі бойынша инженерлік коммуникацияларды жүргізу үшін Қостанай қаласы, Қонай шағын ауданы мекенжайында орналасқан, жалпы алаңы 0,4168 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы