Об установлении публичного сервитута
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута
- Атауы (қаз.)
- Қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 84
- Қабылданған күні
- 26.04.2024
- Көрсетілген редакция
- 26.04.2024 196207_698457.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24NG00084A
- ЭКБ идентификаторы
- 196207
- Редакция идентификаторы
- 196207_698457
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:46
0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 - баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 - бабына сәйкес, Әулиекөл аудандық жер телімін беру жөніндегі комиссия отырысының 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 2 хаттамасы және жерге орналастыру жобасы негізінде Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Новоселов ауылдық округ мекенжайы бойынша орналасқан «Әулиекөл ауылынан бастап Чернигов ауылын қосумен Құсмұрын кентіне дейін АГТС жеткізуші газ құбырын салу» жобасы бойынша - жалпы алаңы 3,5744 гектар жер учаскесіне газ құбырын пайдалану үшін шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (сервитут) белгіленсін.
2 2. «Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1
1) осы қаулыға қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оның көшірмелері Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберілсін;