Құжат мәтініне өту

Об установлении цен на услуги, реализуемые субъектом специального права по развитию инфраструктуры здравоохранения

Бұйрық · № 263 · қабылданған 23.04.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-196241/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об установлении цен на услуги, реализуемые субъектом специального права по развитию инфраструктуры здравоохранения Қолданыста Бұйрық ·№ 263 ·23.04.2024
23.04.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении цен на услуги, реализуемые субъектом специального права по развитию инфраструктуры здравоохранения

Қолданыста Бұйрық ·№ 263 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении цен на услуги, реализуемые субъектом специального права по развитию инфраструктуры здравоохранения
Атауы (қаз.)
Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі арнайы құқық субъектісі іске асыратын қызметтерге бағаларды белгілеу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
263
Қабылданған күні
23.04.2024
Көрсетілген редакция
23.04.2024 196241_698040.kaz
Соңғы өзгеріс
23.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24RR000263
ЭКБ идентификаторы
196241
Редакция идентификаторы
196241_698040
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:52

0 Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі арнайы құқық субъектісі іске асыратын қызметтерге бағаларды белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 94) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі арнайы құқық субъектісі іске асыратын қызметтерге бағалар белгіленсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі

1 Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі арнайы құқық субъектісі іске асыратын қызметтердің бағасы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2024 жылғы «____» ____
№ ________
бұйрығына қосымша
Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі арнайы құқық субъектісі
іске асыратын қызметтердің бағасы
№ р/с
Қыз­мет ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Қыз­мет ба­ға­сы, ҚҚС* есе­бін­сіз тең­ге
1
Ден­са­улық сақ­тау ин­фра­құ­ры­лы­мын да­мы­ту бой­ын­ша қыз­мет көр­се­ту
адам / са­ғат
4 260,7
2
Ден­са­улық сақ­тау объ­ек­ті­ле­рін ме­ди­ци­на­лық жос­пар­лау бой­ын­ша қыз­мет көр­се­ту
адам / са­ғат
4 640,9
3
Ден­са­улық сақ­тау объ­ек­ті­ле­рін ме­ди­ци­на­лық жо­ба­лау бой­ын­ша қыз­мет көр­се­ту
адам / са­ғат
4 523,1
4
Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша қыз­мет көр­се­ту
адам / са­ғат
3 279,5
Ескерту
* ҚҚС – қосылған құн салығы.

Қолданыстағы