Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Жана Мыс»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Жана Мыс»
- Атауы (қаз.)
- «Жана Мыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитутты белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 105
- Қабылданған күні
- 29.04.2024
- Көрсетілген редакция
- 29.04.2024 196279_697611.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24KM00105A
- ЭКБ идентификаторы
- 196279
- Редакция идентификаторы
- 196279_697611
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:45
0 «Жана Мыс» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігіне
қауымдық сервитутты
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Жана Мыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Қарқаралы ауданы, Темірші ауылдық округі жерінде қатты пайдалы қазбаларды барлау операцияларын жүргізу мақсатында, жалпы көлемі – 14991,8712 га меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, 2030 жылдың 19 қаңтарына дейін қауымдық сервитут белгіленсін.
2
2. Жер пайдаланушы- «Жана Мыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер пайдаланушыларға және жер учаскесінің иелеріне толық көлемде шығындарын өтеуді қамтамасыз етсін, шығын көлемі және олардың өтемақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.
3 3. «Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
4 4. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 «Жана Мыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
Қарқаралы ауданының әкімдігінің
2024 жылғы «29» сәуірдегі
№ 105 қаулысына
Қосымша
«Жана Мыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
№
Орналасқан жері
Кадастырлық номері
Жалпы көлемі, га
жария сервитут белгіленуге жататын учаскелердің бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында) га;
1
Қарқаралы ауданының босалқы жер қоры
09-133-
14991,8712
14991,8712
Барлығы:
14991,8712