Құжат мәтініне өту

Об определени размера и порядка оказания жилищной помощи в Шуском районе

Өзге акт · № 20-4 · қабылданған 26.04.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-196304/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об определени размера и порядка оказания жилищной помощи в Шуском районе Қолданыста Өзге акт ·№ 20-4 ·26.04.2024
26.04.2024 редакциясы
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определени размера и порядка оказания жилищной помощи в Шуском районе

Қолданыста Өзге акт ·№ 20-4 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определени размера и порядка оказания жилищной помощи в Шуском районе
Атауы (қаз.)
Шу ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
20-4
Қабылданған күні
26.04.2024
Қолданысқа енгізілген күні
17.05.2024
Көрсетілген редакция
26.04.2024 196304_698388.kaz
Соңғы өзгеріс
26.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24GK520008
ЭКБ идентификаторы
196304
Редакция идентификаторы
196304_698388
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:46

0 Шу ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Шу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Шу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің 1 - қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. Осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес Шу аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Шу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шу аудандық мәслихаты интернет - ресурста орналастыруын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Шу ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Шу аудандық мәслихатының
2024 жылғы 26 сәуір № 20 - 4
шешіміне 1 қосымша
Шу ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

2 2. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Шу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.

3

3. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісін «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағида) айқындалған тәртіппен есептейді.

4

4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі 3 (үш) пайыз мөлшерінде айқындалды.
Қызмет алушыға тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормасына сәйкес жүргізіледі:
Өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының нормалары бір айға:
жеке басты азаматтар үшiн – 30 (отыз) шаршы метр, бiрақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
екi және одан да көп адамнан тұратын отбасының әрбір мүшесiне – 18 (он сегіз) шаршы метр, бiрақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес.

5

5. «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлемі жүзеге асырылады.

6 6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе «электрондық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінеді.

Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкімет» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

7

7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

8 8. Тұрғын үй көмегін тағайындау көрсетілетін қызметті алушыларға тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

9 9. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың немесе қызмет көрсетушілердің жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.

18 Шу аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

Шу аудандық мәслихатының
2024 жылғы 26 сәуір № 20-4
шешіміне 2 қосымша
Шу аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1 1. «Шу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсеті Қағидасын бекіту туралы» Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 мамырдағы № 63-5 шешімі (Нормативтік құқықтық акті мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4617 болып тіркелген).

2

2. Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының «Шу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» 2020 жылғы 20 мамырдағы № 63-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 19-6 шешімі (Нормативтік құқықтық акті мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26472 болып тіркелген).

Қолданыстағы