Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута для размещения и эксплуатации линейной части магистрального нефтепровода «Тенгиз-Новороссийск»

Қаулы · № 399 · қабылданған 15.11.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-196315/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута для размещения и эксплуатации линейной части магистрального нефтепровода «Тенгиз-Новороссийск» Қолданыста Қаулы ·№ 399 ·15.11.2013
09.06.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута для размещения и эксплуатации линейной части магистрального нефтепровода «Тенгиз-Новороссийск»

Қолданыста Қаулы ·№ 399 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута для размещения и эксплуатации линейной части магистрального нефтепровода «Тенгиз-Новороссийск»
Атауы (қаз.)
«Теңіз-Новороссийск» магистральдық мұнай құбырының желілік бөлігін орналастыру және пайдалану үшін жариялы сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
399
Қабылданған күні
15.11.2013
Көрсетілген редакция
09.06.2025 196315_763715.kaz
Соңғы өзгеріс
09.06.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G13T000399A
ЭКБ идентификаторы
196315
Редакция идентификаторы
196315_763715
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:52

0 «Теңіз-Новороссийск» магистральдық мұнай құбырының желілік бөлігін орналастыру және пайдалану үшін жариялы сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 16, 32, 37, 43, 69, 118-баптарына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы «Магистральдық құбыр туралы» Заңының 7, 13, 21-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «КҚК-Қ» АҚ) «Теңіз-Новороссийск» магистральдық мұнай құбырының 0-130,3 км желілік бөлігін орналастыру және пайдалану үшін жер учаскелерін жер пайдаланушылардан және жердің меншік иелерінен алып қоймай, 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «КҚК-Қ» АҚ:

1 1) келісім бойынша жер учаскелерінің меншік иелеріне және жер пайдаланушыларға шығын келтірген жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтірілген шығындардың орнын толтырсын;

2

2) «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жалға алу және сервитут құқығындағы тиесілі жер шегінде Жылыой ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 20 желтоқсандағы «Жылыой ауданының жер учаскелерінде өнеркәсіптік пайдалану кезеңіне Теңіз мұнай кен орнының санитарлық-қорғау аймағын белгілеу туралы» № 439 қаулысымен бекітілген жер пайдалану режимінің талаптарын сақтасын;

3 3) қауымдық жариялы сервитут үшін белгіленген мерзім аяқталғаннан соң белгіленген тәртіпке сай бүлінген жерлерді қалпына келтірсін.

2-1

2-1. «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» акционерлік қоғамының «Теңіз-Новороссийск» магистральдық мұнай құбырының желілік бөлігін орналастыру және пайдалану үшін жер учаскелеріне белгіленген қауымдық сервитутқа байланысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң талаптарына сәйкес қажетті шараларды қабылдасын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

9 «Теңіз-Новороссийк» магистральдық мұнай құбырының желілік бөлігінің 0-130,3 км учаскесін орналастыру және пайдалану үшін қауымдық сервитут белгілеуге арналған жер экспликациясы

Облыс әкімдігінің 2013 жылғы
«15» қарашадағы № 399
қаулысына қосымша
«Теңіз-Новороссийк» магистральдық мұнай құбырының желілік бөлігінің 0-130,3 км учаскесін орналастыру және пайдалану үшін қауымдық сервитут белгілеуге арналған жер экспликациясы

Жер санатының атауы
Ұзындығы, м
ені, м
алаңы, га
1
«Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өнеркәсіптік жерлері
2223,25
100
22,2325
2
Жылыой ауданының босалқы жерлері, оның ішінде:
«Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне
сервитут құқығымен берілген
118552,47
41412,4
100
100
1185,5247
414,124
3
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, барлығы:
оның ішінде
9666,68
50
48,3333
1) «Сәрсен» шаруа қожалығы
1916,53
50
9,5826
2) «Бөпе» шаруа қожалығы
2204,30
50
11,0215
3) «Уайсова Р.У.» шаруа қожалығы
5545,85
50
27,7292
Жалпы алаңы:
1256,0905

Қолданыстағы