Об определении порядка и условий установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из местного бюджета района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении порядка и условий установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из местного бюджета района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 97
- Қабылданған күні
- 29.04.2024
- Көрсетілген редакция
- 19.11.2024 196380_737067.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.11.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24SE00097A
- ЭКБ идентификаторы
- 196380
- Редакция идентификаторы
- 196380_737067
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:45
0 Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына
ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімдігінің
2024 жылғы 29 сәуірдегі
№ 97 қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар (бұдан әрі – ұйым) жұмыскерлерінің айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары (бұдан әрі – ынталандыру үстемеақылар) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасы негізінде әзірленді және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2 2-тарау. Жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар белгілеудің тәртібі
2
2. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ынталандыру үстемеақылардың белгіленген мөлшерінің негізінде бюджеттік қаражатқа қажеттілік қалыптастырады және «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бюджеттік өтінім жібереді.
3 3. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес аудандық бюджет комиссиясының қарауына ынталандыру үстемеақылар бойынша қосымша қажеттілік шығарады.
4 4. Ынталандыру үстемеақыларға бюджет қаражатын бөлу кезінде ұйым басшысы қызметкерлерге ынталандыру үстемеақылар төлеу туралы шешім қабылдайды.
3 3-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар белгілеу шарттары
5 5. Ынталандыру үстемеақылар қызметкерлерді ынталандыру мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.
6 6. Ынталандыру үстемеақылары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген материалдық көмектің және ынталандыру төлемдердің бұрыннан бар түрлеріне қосымша төлемдер болып табылады.
7
7. Қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар төлеу қызметкерлердің еңбегін ынталандырудың төленген түрлерін тоқтату үшін негіз болып табылмайды (сыйлықақылар, қосымша ақылар, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін, қамту аймағын кеңейткені үшін үстемеақылар, үстеме жұмыс және басқалар).
8
8. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы өзгерген жағдайда ынталандыру үстемеақылар қайта қаралады.