О внесении изменений в некоторые совместные постановления акимата Аральского района и решения Аральского районного маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые совместные постановления акимата Аральского района и решения Аральского районного маслихата
- Атауы (қаз.)
- Кейбір бірлескен Арал ауданы әкімдігінің қаулылары мен Арал аудандық мәслихаттың шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 52-қ
- Қабылданған күні
- 11.04.2024
- Көрсетілген редакция
- 11.04.2024 196382_698173.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24LC000052
- ЭКБ идентификаторы
- 196382
- Редакция идентификаторы
- 196382_698173
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:04
0 Кейбір бірлескен Арал ауданы әкімдігінің қаулылары мен
Арал аудандық мәслихаттың шешімдеріне өзгерістер
енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 3 қазандағы № 854 қаулысына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Кейбір бірлескен Арал ауданы әкімдігінің қаулылары мен Арал аудандық мәслихатының шешімдеріне қосымшаға сәйкес тізбе бойынша өзгерістер енгізілсін.
2 2. Осы бірлескен Арал ауданы әкімдігінің қаулысы мен Арал аудандық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Арал ауданы әкімдігінің
2024 жылғы «11» сәуірдегі № 52-қ
бірлескен қаулысына және
Арал аудандық мәслихатының
2024 жылғы «11» сәуірдегі
№ 211 шешіміне қосымша
Өзгерістер енгізілген кейбір бірлескен Арал ауданы әкімдігінің қаулылары және Арал аудандық мәслихатының шешімдерінің тізбесі
1
1. «Арал қаласындағы "Южная" көшесін Мәлік Сәрсеновтың есімімен қайта атау туралы» Арал аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 05 қарашадағы № 451-қ қаулысы және Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 05 қарашадағы №194 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4814 болып тіркелген) кіріспе бөлігіндегі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидасына» деген сөздер;
2
2. «Арал қаласының көшелері мен тұйығын қайта атау туралы» Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 03 шілдедегі №183-қ қаулысы және Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 03 шілдедегі № 237 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5077 болып тіркелген) кіріспе бөлігінен;
3
3. «Арал қаласының көшесіне атау беру туралы» Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі N 247-қ қаулысы және Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 248 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5212 болып тіркелген)кіріспе бөлігінен;
4
4. «Арал қаласының көшелері мен тұйығын қайта атау туралы» Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы №8-қ қаулысы және Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 282 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5362 болып тіркелген) кіріспе бөлігінен «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысына» деген сөздер алынып тасталсын.