Об использовании объектов коммунальной собственности в качестве залогового обеспечения при кредитовании субъектов малого предпринимательства Күшін жойған
Басқа 0
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз
ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдалану туралы
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несие ресурстарына неғұрлым кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемемелерін кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншікті пайдаланудың біркелкі негізін жасау мақсатында «Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдалану мәселелері» жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы шілдедегі № 1028 қаулысын орындау үшін «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының
27 бабына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдаланудың қағидасы;
Тармақша 2
2) Ақтөбе облысы бойынша шағын кәсіпкерлікке арналған басым бағыттардың тізімі;
Тармақша 3
3) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде пайдаланылатын коммуналдық меншік объектілерінің тізілімі;
Тармақша 4
4) жобаларды іріктеу жөніндегі облыстық комиссияның құрамы бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдалану туралы» облыс әкімиятының 2003 жылғы 31 қаңтардағы № 18 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары С. Ғилымовқа жүктелсін.
Басқа 8
Облыс әкімиятының
2004 жылғы 30 наурыздағы № 80
қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті камтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдаланудың қағидасы
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже «Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдалану мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы шілдедегі № 1028 қаулысын іске асыру мақсатында әзірленді және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдаланудың біркелкі негізін айқындайды.
Тармақ 2
2. Коммуналдық меншік нысандарының кепілдігімен қамтамасыз ету есебінен түскен банктердің қаражаттары кәсіпкерлікті дамыту үшін берілетін несиелерді қамтамасыз етуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға, облыс экономикасының басым бағыттарын дамытуға жұмсалады.
Тармақ 3
3. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті коммуналдық меншік объектілерімен қамтамасыз етуді шаруашылық жүргізу құқындағы «Тазалық» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - КМК) жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті коммуналдық меншік объектілерімен қамтамасыз ету КМК-ның өз кәсіпкерлік тәуекеліне сақтандыру жүргізуі жағдайында жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Жобаларды іріктеуді және қарауды КМК несиегер - банктермен бірлесіп жүргізеді. Қарыз алушылар тарапынан банктер мен КМК ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар олардың қабылдаған несие және инвестициялық саясаттарына сәйкес банктердің өздері және КМК белгіленеді.
Бөлім 2. 2. Кепілдік мүлікті іріктеу және оны бағалау
2. Кепілдік мүлікті іріктеу және оны бағалау
Тармақ 6
6. «Облыстық коммуналдық меншік басқармасы» ММ жыл сайын коммуналдық меншік объектілерін түгендеуді жүргізеді, сондай-ақ объектілердің атауы, олардың орналасқан жері, теңгерімдік құны мен объектілер жай-күйінің басқа да деректері көрсетілетін коммуналдық меншік объектілерінің тізілімін жасайды және облыс әкімиятының бекітуіне ұсынады.
Тармақ 7
7. Тізілімді жасаған кезде «Банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші бар Жарлығына сәйкес несиелерді кепілдікті қамтамасыз етуге несие ұйымдарының қоятын талаптарына сәйкес коммуналдық меншік объектілерін бағалау жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық мамандарын немесе тәуелсіз сарапшыларды қатыстыра отырып жүргізіледі.
Бөлім 3. 3. Коммуналдық меншік объектілерін кепілдікті қамтамасыз ету есебінен несие берілетін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іріктеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру
3. Коммуналдық меншік объектілерін кепілдікті қамтамасыз ету есебінен несие берілетін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іріктеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру
Тармақ 8
8. Коммуналдық меншік объектілерін кепілдікті қамтамасыз ету есебіне несие берілетін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын ақырғы іріктеу мен бекітуді жобаларды іріктеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі Комиссия) жүргізеді.
Тармақ 9
9. Комиссияны облыс әкімі басқарады.
Тармақ 10
10. КМК директоры лауазымы бойынша Комиссия хатшысы болып
табылады. Саны кем дегенде бес адамнан тұратын Комиссияның жеке
құрамын комиссия хатшысының ұсынуы бойынша облыс әкімияты бекітеді.
Тармақ 11
11. Комиссия несие ұйымдарының оң қорытыныдыларын алған өтінімдерді, олар тіркелген күннен бастап екі айдан кешіктермей қарайды.
Тармақ 12
12. Комиссияның төрағасы Комиссия отырысын қажеттілігіне қарай шақырады, бірақ тоқсанына бір реттен сирек болмауға тиіс. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы үштен екі дауыспен қабылданады. Комиссияның шешімдеріне Комиссияның төрағасы мен хатшысы қол қояды. Комиссия мүшелері ерекше пікір білдіруге құқылы, ол білдірілген жағдайда жазбаша жазылуы және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берілуі тиіс.
Тармақ 13
13. Несиелеуге арналған жобалар мен ұсынымдарды іріктеу кезінде Комиссияның мүшелері қабылдаған шешімдер үшін, олар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес жауап береді.
Тармақ 14
14. Шағын кәсіпкерлік субъектісіне кепілдікті қамтамасыз етуді беруден бас тартылған жағдайда, жұмыс органы жобаларды іріктеудің тиісті кезеңінен кейін, 3 күн мерзімде бас тартудың негізін көрсете отырып, шағын кәсіпкерлік субъектісін жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.
Тармақ 15
15. Жобаларды іріктеу кезінде:
Тармақша 1
1) шағын кәсіпкерлік субъектісінің бюджет алдында берешегінің болмауы;
Тармақша 2
2) екінші деңгейдегі банктердің оң баға берген қорытындысының болуы;
Тармақша 3
3) егер бар болса, қолайлы несие дерекқорының болуы;
Тармақша 4
4) жобаның аймақты дамытудың индикативті жоспарына және аймақта
кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарына сәйкес келуі талаптары ескеріледі.
Тармақ 16
16. Комиссия өз қызметін жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) ғалымдардың, беделді кәсіпкерлердің, басқару органдары өкілдерінің және басқа да мамандардың арасынан сарапшылар мен консультанттарды
жұмысқа тартады;
Тармақша 2
2) уақытша және тұрақты жұмыс істейтін сараптау және жұмыс топтарын ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) қажетті ақпараттық, талдамалық, анықтамалық – статистикалық материалдарды, сондай-ақ ведомстволық нормативтік құқықтық кесімдерді
алады.
Тармақ 17
17. Комиссия жұмыс органының функциясы КМК жүктеледі.
Тармақ 18
18. Комиссия жұмыс органы жобаларды алдын ала сараптама жасау
үшін тіркеуді жургізеді, екінші деңгейдегі банктерде сараптамадан өткен
құжаттар пакетін қалыптастырады, Комиссия отырысының күн тәртібі жөнінде ұсыныстар әзірлейді, өз құзыретінің шегінде Комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді, Комиссия мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларды іріктеуге қатысуға өтінімдерін тіркеуден бас тартуға жол берілмейді.
Тармақ 19
19. Өтінімдерді тіркеу кезінде ықтимал қарыз алушы жұмыс органына несие беруге өтінімді қарау үшін және Ақтөбе облысындағы шағын кәсіпкерлік үшін бекітілген тізімдегі басым бағыттарға сәйкес екінші деңгейдегі банктер талап ететін тиісті талаптарға сәйкес келетін тиісті құжаттар пакетін тапсыруға міндетті. Жобаларды іріктеудің алдын – ала сатысында жұмыс органы сараптама жүргізуге, және оларды несиелендіру мүмкіндіктері туралы қорытындыларды беруге арналған жобалар бойынша құжаттарды экономикалық, ұйымдастырушылық, маркетингтік және қаржылық көзқарастар тұрғысынан талдайды және несие ұйымдарының қарауына тапсырады.
Тармақ 20
20. Өтінімдер:
Тармақша 1
1) құрылымдары қайта ұйымдастыру, тарату және банкроттау сатыларында тұрған немесе құқықтық қатынастарда қолданыстағы заңнамада шектелген;
Тармақша 2
2) өзі туралы жалған мәлімет берген;
Тармақша 3
3) қажетті құжаттарды тапсырмаған үміткерлерден қабылданбайды.
Тармақ 21
21. Несие беруші банк ақырғы қарыз алушылардың несиелік ұсыныстарын: экономикалық орындылығына, несиені отемеу тәуекелінің дәрежесі мен жобаның техникалық - экономикалық және қаржылық көрсеткіштеріне талдау жасау жолымен сараптама жүргізеді және құжаттар пакетін жоба бойынша жасалған сараптама нәтижелері туралы қорытындысымен қоса жұмыс орнына жібереді.
Тармақ 22
22. Жұмыс органы несие ұйымдарының оң қорытындыларын алған
өтінімдерді отырыс күнінен үш күн бұрын, несие ұйымдарының қорытындыларын қоса отырып, Комиссия мүшелерінің қарауына ұсынады.
Тармақ 23
23. Комиссия несиелік ұсыныстарға жасалған қорытындыларды сараптау негізінде несие алушыларды несиелендіру туралы шешім қабылдайды.
Бөлім 4. 4. Кепілдікті қамтамасыз етуді ресімдеу
4. Кепілдікті қамтамасыз етуді ресімдеу
Тармақ 24
24. Комиссияның хаттамалық шешімі КМК-ның шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін беру туралы шарт жасасу туралы шешім қабылдауы үшін негіз болып табылады.
Тармақ 25
25. Шағын кәсіпкерлік субъектілері несие алған кезде КМК кепілдік беруші болып табылады.
Тармақ 26
26. КМК жобаны қаржыландыру туралы оң шешім қабылданған кезде «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2723 заң күші бар Жарлығына сәйкес несие ұйымымен және шағын кәсіпкерлік субъектісімен ипотекалық шарт жасасады.
Тармақ 27
27. Ипотекалық шартта кепілді мүліктің нысанасы, бағаланған құны, негізгі міндеттеменің мәні, оның мөлшері мен орындалу мерзімі, тараптардың құқықтары мен міндеттері, оның ішінде КМК- ның шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелердің мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауды жүзеге асыруы, сондай-ақ кез – келген тараптың мәлімдеуі бойынша ипотекалық шартта қол жеткізілуі тиіс және заңнамада тыйым салынбаған өзге де жағдайлар көрсетілуге тиіс.
Тармақ 28
28. Объектілер кепілдікті қамтамасыз етуге пайдаланылғаны үшін КМК - ға алынған несие сомасының 0,1 пайызы мөлшерінде шағын кәсіпкерлік субъектілерін төлейтін сыйақы (мүдде) ставкасы белгіленеді.
Бөлім 5. 5. КМК несиелерін қайтарып алу және кәсіпкерлік тәуекелін сақтандыру жөніндегі кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету тәртібі
5. КМК несиелерін қайтарып алу және кәсіпкерлік тәуекелін сақтандыру жөніндегі кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету тәртібі
Тармақ 29
29. КМК өзінің кәсіпкерлік тәуекелін сақтандыру үшін «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес анықталған сақтандыру компаниясымен сақтандыру туралы шарт жасайды.
Тармақ 30
30. Қарызгер өзінің міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру компаниясына өзіңде бар және болашақта алынатын мүлікті көрсетуге тиісті.
Тармақ 31
31. Ұсынылған несиелер мен іске асырылушы жобалардың мониторингін екінші деңгейдегі банктердің берген есептері негізінде КМК жүргізеді.
Тармақ 32
32. Несиелердің игерілуін, мақсатты пайдаланылуын, уақытында және
толық кайтарылуын бақылауды несиегер - банктер берген ақпараттары
негізінде КМК жүзеге асырады.
Бөлім 6. 6. Жауапкершілік
6. Жауапкершілік
Тармақ 33
33. Шағын кәсіпкерлік субъектілері - қарыз алушылар Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген коммуналдық меншік объектілерін
кепілдік ретінде ұсынған есебінен алынған ақша қаражатын мақсатсыз пайдалынған және екінші деңгейлі банкілерге уақытында қайтармағаны
үшін жауапкершілік көтереді.
Тармақ 34
34. Екінші деңгейдегі банктердің тиісті бөлімшелерінің басшылары қарызгерлердің несиелерді игеруі және мақсатты жұмсауы туралы ақпараттардың сенімділігін үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікті көтереді.
Басқа 59
Облыс әкімиятының
2004 жылғы 30 наурыздағы
қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
Ақтөбе облысы бойынша шағын кәсіпкерлікке арналған басым бағыттардың
ТІЗІМІ
Бөлім 1. 1. ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІ
1. ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІ
Тармақ 1.1
1.1. Шойын және оралған құймаларды, қапталған бұйымдарды өндіру.
Тармақ 1.2
1.2. Машиналардың, құрал - жабдықтардың, құрал-саймандардың жаңа типтерін шығару.
Тармақ 1.3
1.3. Ауыл шаруашылығы және жол техникаларын шығару.
Тармақ 1.4
1.4. Мұнай өнімдері мен қоңыр көмір өндеу.
Тармақ 1.5
1.5. Өнеркәсіптік электроника және электротехникалық өнімдерді шығару.
Тармақ 1.6
1.6. Минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын
шығару.
Тармақ 1.7
1.7. Тұрмыстық химия өнімдері мен парфюмериялық – косметикалық бұйымдарды шығару.
Тармақ 1.8
1.8. Отқа төзімді кірпіш және отқа төзімді материалдарды шығару.
Тармақ 1.9
1.9. Жел, су - энергетикалық қондырғыларын шығару.
Тармақ 1.10
1.10. Әйнек және әйнек өнімдерін шығару.
Тармақ 1.11
1.11. Қайталама шикізатты өңдеу.
Тармақ 1.12
1.12. Жасанды тастар шығару.
Тармақ 1.13
1.13. Табиғи тастарды өңдеу.
Тармақ 1.14
1.14. Эмальданған ыдыстар шығару.
Тармақ 1.15
1.15. Дәрі - дәрмектер мен препараттар шығару.
Тармақ 1.16
1.16. Зергерлік бұйымдарын шығару, тасты көркемдеп өңдеу.
Тармақ 1.17
1.17. Тазалық құралдарын шығару.
Тармақ 1.18
1.18. Диагностикалық аппараттарды шығару.
Тармақ 1.19
1.19. Балалар, әйелдер, еркектер ассортиментінің жоғары сапалы киімдерін шығару.
Тармақ 1.20
1.20. Буып-түйетін материалдардың жаңа түрлерін шығару.
Тармақ 1.21
1.21. Кондитер бұйымдарын, алкогольдік емес ішімдіктер шығару.
Тармақ 1.22
1.22. Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу.
Тармақ 1.23
1.23. Метал құрамаларын шығару.
Тармақ 1.24
1.24. Медицина препараттары мен дезинфекция құралдарын шығару.
Бөлім 2. 2. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ
2. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ
Тармақ 2.1
2.1. Дәнді және майлы дақылдарды, көкөністерді, жеміс - жидектерді
өсіру.
Тармақ 2.2
2.2. Дәрі - дәрмек шөптер мен өсімдіктерді дайындау және өңдеу.
Тармақ 2.3
2.3. Белогы жоғары мал азықтарын және азықтық қосымшалар өндіру.
Тармақ 2.4
2.4. Өнімділігі жоғары, асыл тұқымды мал мен құс өсіру.
Тармақ 2.5
2.5. Жүнді өңдеу, тоқыма және трикотаж бұйымдарын өндіру.
Тармақ 2.6
2.6. Тері илеу және теріден жасалған бұйымдарды шығару.
Тармақ 2.7
2.7. Жаңа буын - түю технологияларын қолдана отырып ет және сүт өнімдерін өңдеу.
Тармақ 2.8
2.8. Ет - сүйек ұнын шығару.
Тармақ 2.9
2.9. Балық өнімдерін өңдеу.
Тармақ 2.10
2.10. Ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу.
Бөлім 3. 3. ҚҰРЫЛЫС ӨНДІРІСІ
3. ҚҰРЫЛЫС ӨНДІРІСІ
Тармақ 3.1
3.1. Жылуды сақтайтын төбе жапқыш материалдарды шығару.
Тармақ 3.2
3.2. Құрылыс және өрлеу материалдарының, бұйымдарының конструкцияларының жаңа түрлерін шығару.
Бөлім 4. 4. ҚЫЗМЕТТЕР
4. ҚЫЗМЕТТЕР
Тармақ 4.1
4.1. Телекоммуникация саласында көрсетілетін қызметтер мен өндірістер.
Тармақ 4.2
4.2. Емдеу қызметтері.
Тармақ 4.3
4.3. Аквапарктер, атракциондар және мәдени ойын-сауық орталыктарының
құрылысы.
Тармақ 4.4
4.4. Жаңа ақпараттық технологиялар.
Тармақ 4.5
4.5. Көлік қызметі.
Тармақ 4.6
4.6. Коммуналдық саладағы қызметтер.
Тармақ 4.7
4.7. Халыққа тұрмыстық қызмет көрсету.
Тармақ 4.8
4.8. Автомашиналарды, арнаулы техникаларды және құрал жабдықтарды ұстау және қызмет көрсету жөніндегі қызметтер.
Тармақ 4.9
4.9. Құрылыс - монтаж жұмыстары.
Тармақ 4.10
4.10. Жол бойындағы сервис.
Тармақ 4.11
4.11. Бөлшектерді, тораптарды, тетіктерді жасап шығару, жаңғырту және
жөндеу.
Басқа 111
Облыс әкімиятының
2004 жылғы 30 наурыздағы
каулысымен
БЕКІТІЛДІ
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде пайдаланылатын коммуналдық меншік объектілерінің ТІЗІЛІМІ
Тармақ 1
1. Әкімшілік ғимарат (Облыстық мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасына берілген) - Ақтөбе қаласы, Ағайынды Жұбановтар көшесі 255, баланстық құны - 3 858 205 теңге, бағалау құны - 50 935 748 теңге, техникалық жай - күйі қанағаттандырарлық.
Тармақ 2
2. Әкімшілік ғимарат (Мұрағатқа берілген) - Ақтөбе қаласы, Лачугин көшесі 2, баланстық құны - 441 065 теңге, бағалау құны - 9 573 283 теңге, техникалық жай - күйі қанағаттандырарлық.
Тармақ 3
3. Әкімшілік ғимарат (Ақтөбе қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына берілген) - Ақтөбе қаласы, Ағайынды Жұбановтар көшесі 289 а, баланстық кұны 5 700 756 теңге, бағалау кұны - 77 336 644 теңге, техникалық жай – күйі қанағаттандырарлық.
Тармақ 4
4. Әкімшілік ғимарат (Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына берілген) - Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі 101, баланстық кұны - 2 082 641 теңге, - 72 655 258 теңге, техникалық жай - күйі қанағаттандырарлық.
Тармақ 5
5. Облыстық драма театрының ғимараты - Ақтөбе қаласы, Т. Ахтанов көшесі 52, баланстық құны - 8 938 929 теңге, бағалау құны - 196 807 470 теңге, техникалық жай - күйі қанағаттандырарлық.
Тармақ 6
6. «Алақай» қуыршақ театрының ғимараты - Ақтөбе қаласы, Бейбітшілік даңғылы 17, баланстық құны — 370 000 теңге, бағалау құны - 35 172 460 теңге, техникалық жай - күйі қанағаттандырарлық.
Тармақ 7
7. Әкімшілік ғимарат (Қалалық көріктендіру және коммуналдык шаруашылық басқармасына берілген) - Ақтөбе қаласы, баланстық құны - 1 279 559 теңге, бағалау құны - 11 727 868 теңге, техникалық жай - күйі қанағаттандырарлық.
Тармақ 8
8. Әкімшілік ғимарат (паспорт және рұқсатнамалық жұмыс бөліміне берілген - Ақтөбе қаласы, Қобыландин көшесі 26, баланстық құны - 55 043 теңге, бағалау құны - анықталады, техникалық жай — күйі қанағаттандырарлық.
Тармақ 9
9. Әкімшілік ғимарат (Жол полициясы басқармасына берілген) - Ақтөбе қаласы, Молдағұлова көшесі 56, баланстық құны - 11 696 513 теңге, бағалау кұны - анықталады, техникалық жай күйі қанағаттандырарлық.
Тармақ 10
10. Әкімшілік ғимарат (ІІБ УПП- ға берілген) - Ақтөбе қаласы, Жастар көшесі 38, баланстық құны - 1 956 060 теңге, бағалау құны - 30 584 682 теңге, техникалық жай - күйі қанағаттандырарлық.
Тармақ 11
11. Әкімшілік ғимарат (Қалалық білім істері жөніндегі басқармасына берілген) - Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі 2, баланстық құны - 14 052 900 теңге, - 47 538 394 теңге, техникалық жай – күйі қанағаттандырарлық.
Тармақ 12
12. Әкімшілік ғимарат (ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшісі жөніндегі комитетке берілген) - Ақтөбе қаласы, Скулкина көшесі 34, баланстық құны - 4 800 000 теңге, бағалау құны - 30 996 578 теңге, техникалық жай - күйі қанағаттандырарлық.
Тармақ 13
13. Әкімшілік ғимарат - Ақтөбе қаласы, Абай даңғылы 17, баланстық құны - 2 329 700 теңге, бағалау құны - 66 228 685 теңге, техникалық жай - күйі қанағаттандырарлық.
Тармақ 14
14. Әкімшілік ғимарат (Берешектері бар дәрменсіз кәсіпорындармен жұмыс жөніндегі комитетке берілген) - Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі 31, баланстық құны - 1 065 700 теңге, бағалау құны - 15 116 658 теңге, техникалық жай - күйі қанағаттандырарлық.
Тармақ 15
15. Әкімшілік ғимарат («Ақтобегорсервис» КМК- ға берілген) - Ақтөбе қаласы, 312 атқыштар дивизиясы даңғылы, баланстық құны 5 216 289 теңге, бағалау құны - 39 566 000 теңге, техникалық жай – күйі қанағаттандырарлық.
Тармақ 16
16. Әкімшілік ғимарат (ҚР геология және минералдық ресурстар ақпараттық - талдау орталығына берілген) - Ақтөбе қаласы, Скулкин көшесі 5 б, баланстық құны - 695 763 теңге, бағалау құны - 64 121 936 теңге, техникалық жай - күйі қанағаттандырарлық.
Тармақ 17
17. Орталық стадион - Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 56, баланстық құны - 28 100 849 теңге, бағалау құны - 198 713 791 теңге, техникалық жай - күйі қанағаттандырарлық.
Тармақ 18
18. № 4 БЖСМ ғимараты - Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі 70 а, баланстық құны - 377 281 теңге, бағалау құны - 12 231 139 теңге, техникалық жай - күйі қанағаттандырарлық.
Тармақ 19
19. Футболдан олимпиада резервін даярлау жөніндегі БЖСМ ғимараты - Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі 146 а, баланстық құны - 1 3 274 808 теңге, бағалау құны - 12 231 139 теңге, техникалық жай – күйі қанағаттандырарлық.
Тармақ 20
20. № 2 БЖСМ ғимараты - Ақтөбе қаласы, Шернияз көшесі 61, баланстық құны - 292 144 теңге, бағалау құны - 23 663 008 теңге, техникалық жай - күйі қанағаттандырарлық.
Тармақ 21
21. № 5 БЖСМ ғимараты - Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі 84, баланстық құны - 2 194 376 теңге, бағалау құны - 30 198 697 теңге, техникалық жай - күйі қанағаттандырарлық.
Тармақ 22
22. Облыстық ғылыми - техникалық кітапхана ғимараты – Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі 86, баланстық құны - 2 336 406 теңге, бағалау құны - 134 010 960 теңге, техникалық жай күйі қанағаттандырарлық.
Тармақ 23
23. Н. Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының ғимараты - Ақтөбе қаласы, Киреева көшесі 7, баланстық кұны - 770 145, бағалау құны - 14 486 519 теңге, техникалық жай – күйі қанағаттандырарлық.
Тармақ 24
24. Жасөспірімдерге арналған үй ғимараты - Ақтөбе қаласы, бұрынғы медсанбөлімі (авиақалашық), баланстык құны - 400 898 теңге, бағалау құны - 48 376 515 теңге, техникалық жай қанағаттандырарлық.
Тармақ 25
25. Халық шығармашылығы үйі ғимараты - Ақтөбе қаласы, Әйтеке би көшесі 39, баланстық құны - 2 910 677 теңге, бағалау құны - 57 443 398 теңге, техникалық жай - күйі қанағаттандырарлық.
Тармақ 26
26. «Троллебус паркі» ААҚ ғимараты - Ақтөбе қаласы, Сәнкібай батыр көшесі 10, баланстық құны - 11 452 000 теңге, бағалау құны - 57 443 398 теңге, техникалық жай - күйі қанағаттандырарлық.
Тармақ 27
27. «Тазалық» КМК ғимараты - Ақтөбе қаласы, Ә. Молдағұлова көшесі 50, баланстық құны - 1 536 913 теңге, бағалау құны - 17 217 935 теңге, техникалық жай - күйі қанағаттандырарлық.
Тармақ 28
28. «Қуат» КМК ғимараты - Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі 14, баланстық құны - 2 773 214 теңге, бағалау құны - 17217935 теңге, техникалық жай - күйі қанағаттандырарлық.
Барлығы: - ғимараттың саны - 28;
- ғимараттың баланстық құны - 130 958 843 теңге;
- ғимараттың бағалау құны - 1 358 856 760 теңге.
Басқа 140
Облыс әкімиятының
2004 жылғы 30 наурыздағы № 80
қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
Жобаларды іріктеу жоніндегі облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ
Имантаев Ермек Жетпісбайұлы
- комиссия төрағасы, облыс Әкімі
Есіркепов Амангельді Қабашұлы
- облыс Әкімінің бірінші орынбасары
Ғилымов Самат Қуанышұлы
- облыс Әкімінің орынбасары
Атыраубаев Талғат Сансызбайұлы
- «Облыстық коммуналдық меншік басқармасы» ММ бастығы
Юсупова Рашида Әбілсағитқызы
- «Облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» ММ бастығы
Литовченко Владимир Арсентьевич
- «Облыстык ауыл шаруашылығы департаменті» ММ бастығының
орынбасары
Омаров Ерхан Болатжанұлы
- «Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның директоры, комиссия хатшысы.