Об утверждении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий Актюбинской области, за исключением организаций среднего, технического и профессионального, послесреднего образования в организационно-правовой форме государственных предприятий на праве хозяйственного ведения и дошкольных организаций в организационно-правовой форме казенных предприятий, дополнительного образования для детей
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий Актюбинской области, за исключением организаций среднего, технического и профессионального, послесреднего образования в организационно-правовой форме государственных предприятий на праве хозяйственного ведения и дошкольных организаций в организационно-правовой форме казенных предприятий, дополнительного образования для детей
- Атауы (қаз.)
- Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын және қазыналық кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдарды, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда, Ақтөбе облысының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 113
- Қабылданған күні
- 26.04.2024
- Көрсетілген редакция
- 26.04.2024 196438_698778.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24C000113A
- ЭКБ идентификаторы
- 196438
- Редакция идентификаторы
- 196438_698778
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:46
0
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын және қазыналық кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдарды, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда,
Ақтөбе облысының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының
таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын және қазыналық кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдарды, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда, Ақтөбе облысының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза табысының бір бөлігін аудару нормативі бекітілсін.
2
2. «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Ақтөбе облысы әкімдігінің
2024 жылғы 26 сәуірдегі
№ 113 қаулысына қосымша
«Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын және қазыналық кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдарды, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда»,
Ақтөбе облысының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының
таза табысының бір бөлігін аудару нормативі
1 1. Ақтөбе облысының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза табысының бір бөлігін тиісті бюджетке аудару нормативі мынадай түрде айқындалады:
таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін
таза кіріс сомасынан 5 пайыз
таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін
150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз
таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін
4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан
15 пайыз
таза кіріс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін
34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан
25 пайыз
таза кіріс 500 000 001 теңгеден
1 000 000 000 теңгеге дейін
97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан
30 пайыз