Об утверждении тарифов на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов в Алакольском районе (без учета утилизации и переработки)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении тарифов на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов в Алакольском районе (без учета утилизации и переработки)
- Атауы (қаз.)
- Алакөл ауданында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы (кәдеге жарату мен қайта өңдеуді есепке алмағанда)
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 30-3
- Қабылданған күні
- 03.05.2024
- Көрсетілген редакция
- 03.05.2024 I196602_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24ID00303M
- ЭКБ идентификаторы
- 196602
- Редакция идентификаторы
- I196602_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:40
0 Алакөл ауданында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы (кәдеге жарату мен қайта өңдеуді есепке алмағанда)
Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 «Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Алакөл ауданында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге (кәдеге жарату мен қайта өңдеуді есепке алмағанда) арналған тарифтер осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алакөл ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Алакөл аудандық мәслихатының
2024 жылғы «3» мамырдағы
№ 30-3 шешіміне №1 қосымша
Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер Алакөл ауданындағы жеке тұлғалар үшін (кәдеге жарату және қайта өңдеуді есепке алмағанда)
№
Атауы
Есептеу бірлігі
Бағасы ай (тенге)
1
1
Қосымша құн салығын есепке алмағанда, абаттандырылған үй-жайлардың тұрғындары үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф
1 тұрғын
279
2
Абаттандырылмаған үй-жайлардың тұрғындары үшін қосымша құн салығын есепке алмағанда тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф
1 тұрғын
263,59
5 Алакөл аудандық мәслихатының
2024 жылғы «3» мамырдағы
№ 30-3 шешіміне №2 қосымша
Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер Алакөл ауданындағы заңды тұлғалар үшін (кәдеге жарату мен қайта өңдеуді есепке алмағанда)
№
Атауы
Есептеу бірлігі
Тариф, теңге
1
Қосылған құн салығын есепке алмағанда, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф
1 м3
1540,49