Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах Министерства здравоохранения Республики Казахстан

Қаулы · № 354 · қабылданған 02.05.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-196673/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О некоторых вопросах Министерства здравоохранения Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 354 ·02.05.2024
02.05.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах Министерства здравоохранения Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 354 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах Министерства здравоохранения Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
354
Қабылданған күні
02.05.2024
Көрсетілген редакция
02.05.2024 196673_700069.kaz
Соңғы өзгеріс
02.05.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2400000354
ЭКБ идентификаторы
196673
Редакция идентификаторы
196673_700069
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:41

0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері – республикалық мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген республикалық мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігін ұстауға көзделген қаражат есебінен және оның шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

3 3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына мынандай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері – мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекеттік мекемелердің тізбесі:
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Жаңасемей ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Мақаншы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.»;
мынадай мазмұндағы 56-1-тармақпен толықтырылсын:
«56-1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Алатау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.»;
мынадай мазмұндағы 246-1-тармақпен толықтырылсын:
«246-1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Марқакөл ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.»;
мынадай мазмұндағы 250-1-тармақпен толықтырылсын:
«250-1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Үлкен Нарын ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.».

4 4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің қайта ұйымдастырылатын аумақтық бөлімшелері – республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің қайта ұйымдастырылатын аумақтық бөлімшелері – республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі

1

1. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Семей қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі одан «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Жаңасемей аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен.

2

2. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Үржар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі одан «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Мақаншы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен.

3

3. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Іле аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі одан «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Алатау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен.

4

4. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Катонқарағай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі одан «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Үлкен Нарын аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен.

5

5. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Күршім аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі одан «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Марқакөл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен.
_____________________________

Қолданыстағы