О лицензировании производства, передачи и распределения тепловой энергии по Актюбинской области Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе облысы бойынша жылу энергиясын өндіруді, беруді және таратуды лицензиялау туралы «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысын орындау мақсатында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 27 бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қоса алғанда сағатына 100 Гкалға дейін орнатылған жиынтық жылу қуаты бар жылу энергиясының көздерінен жылу энергиясын өндіруді, беруді және таратуды лицензиялаудың қоса беріп оғырған Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Облыстық коммуналдық меншік басқармасы» мемлекеттік мекемесі Ақтөбе облысы бойынша жылу энергиясын өндіретін, беретін және тарататын шаруашылық жүргізуші субъектілерге лицензия беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде уәкелетті орган (лицензиялаушы) болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. «Облыстық коммуналдық меншік басқармасы» мемлекеттік мекемесі (А. Қ. Қаратаев) бір ай мерзім ішінде лицензия алушыларға (қоса алғанда сағатына 100 Гкалға) дейін орнатылған жиынтық жылу қуаты бар жылу энергиясы көздерінен жылу энергиясын өндіретін, беретін және бөлетін объектілері бар шаруашылық жүргізуші объектілерге) лицензия беру кестесін әзерлесін және қазандарының қуаты 500 кВт астам шаруашылық жүргізуші субъектілерге жылу беру маусым басталғанға дейін лицензия беру жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Батыс аумақ бойыша мемлекеттік энергетикалық кадағалау жөніндегі комитетке (М. Г. Әсірепов) «Қазақэнергиясараптама» ЖАҚ бірлесіп (В. М. Ағеев) жылу энергиясын өндіруге, беруге және таратуға лицензия алу үшін лицензиялардың казандықтар мен казандық жабдықтарын пайдаланудың белгіленген ережелерінің біліктілік талаптарын сақтау жөнінде осы Ережелермен белгіленген тексеру актісін уақытында беру ұсынылсын.
Тармақ 5
5. «Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі баскармасы» мемлекеттік мекемесінің қазандық-ғаз кадағалау жөніндегі инспекция бөліміне (И. Н. Орынбасаров) жылу энергиясы көздерін дұрыс іске қосу жөніндегі корытынды беру ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуына бақылау облыс Әкімінін орынбасары С. Қ. Ғилымовка жүктелсін.
Басқа 7
Облыс Әкімінің 2004 жылғы 29 наурыздағы № 2 шешімімен БЕКІТІЛГЕН Қоса алғанда сағатына 100 Гкал дейін орнатылған жиынтық жылу қуаты бар жылу энергиясының көздерінен жылу энергиясын өндіруді, беруді және таратуды лицензиялаудың ЕРЕЖЕСІ
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қоса алғанда сағатына 100 Гкал дейін орнатылған жиынтық жылу қуаты бар жылу көздерінен жылу энергиясын өндіруді, беруді және таратуды лицензиялаудың Ережесі «Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына сәйкес жасалды.
Тармақ 2
2. Осы Ереже заңды тұлғаларға қоса алғанда сағатына 100 Гкал дейін орнатылған жиынтық жылу қуатын өндіретін жылу көздерінен жылу энергиясын өндіру, беру және тарату өдірісіне байланысты лицензиялық қызметпен айналысу құқына лицензия берудің тәртібін белгілейді.
Бөлім 2. 2. Лицензия беру тәртібі
2. Лицензия беру тәртібі З. Лицензия алу үшін:
Тармақша 1
1) белгіленген нысандағы арыз;
Тармақша 2
2) лицензиаланушының белгіленген Заң талабына сәйкес келетіндігін растайтын құжаттар;
Тармақша 3
3) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
Тармақша 4
4) лецензиарлардың қазандықтар мен қазандық жабдықтарын пайдаланудың белгіленген ережелерінің біліктілік талаптарын сақтау жөніндегі Батыс аймақ бойынша мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитет пен «Қазақэнергиясараптау» ЖАҚ бірлескен тексеру актісін;
Тармақша 5
5) «Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы» ММ қазандық-ғаз қадағалау жөніндегі инспекция бөлімінің жылу энергиясының көздерін дұрыс пайдалану жөніндегі қорытындысы қажет. Заңды түлғалар үшін бүдан басқа мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі табыс етілуі қажет. Заң актілерінде лицензияланатын қызметтің жекелеген түрлері жөніндегі құжаттар тізбесіне қосымша жөне арнаулы талаптар белгіленуі мүмкін. Лицеезиаланушы құжаттардағы берілген ақпараттың дұрыстығы, толықтығы және уақытылы берілуі үшін заңдарда белгіленген тәртіппен жауапкершілік алады.
Тармақ 4
4. Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленетін ставкалары, есептеу мен төлеу және төленген сомаларды кайтару тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сөйкес белгіленеді.
Тармақ 5
5. Лицензия Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша ресімделеді және қатаң есептегі құжат болып табылады. Лицензия бланктерін есепке алу және сақтау мемлекеттік өкілетті органға (лицензиялаушыға) жүктеледі.
Тармақ 6
6. Лицензиялар барлық кажетті құжаттармен қоса арыз берген күннен бастап бір айдың ішінде лицензия беру туралы шешім қабылданады.
Тармақ 7
7. Лицензияға лицензия беруші орган басшысы немесе осыған уәкілеттік берілген тұлға қол қояды және лицензиялаушының мөрімен куәландырылады.
Бөлім 3. 3. Лицензияланушының құқығы мен міндеттері
3. Лицензияланушының құқығы мен міндеттері
Тармақ 8
8. Лицензияланушы:
Тармақша 1
1) лицензияның іс-қимылын уақытша тоқтата тұру, тоқтату немесе кері қайтарып алу мәселелері бойынша барлық материалдармен танысуға, сондай-ақ, осы материалдарды лицензиялаушының қарауы кезінде қатысуға;
Тармақша 2
2) лицензияны беруден бас тартқан жағдайда сот арқылы шағымдануға құқылы.
Тармақ 9
9. Лицензияланушы:
Тармақша 1
1) технологиялық, санитарлық, экологиялық, өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді және басқа да қолданылып жүрген заңдарды сақтауға;
Тармақша 2
2) осы Ережеде мазмұндалған лицензияланушыға қойылатын талаптарды сақтауға;
Тармақша 3
3) техника қауіпсіздігі және техникалық пайдалану ережелерін сақтауға;
Тармақша 4
4) электр және жылу қуатының таратылуын және шығындалуын есептегіш құралдармен жабдықтауды қамтамасыз етуге;
Тармақша 5
5) энергия қуатын үнемдеу, қоршаған ортаны қорғауға, техника қауіпсіздігі және ағымдық, күрделі жөндеулерден өткізу кестесі жөніндегі бағдарламалар мен іс-шараларды әзірлеуге және орындауға міндетті.
Бөлім 4. 4. Лицензяланушының жауапкершілігі
4. Лицензяланушының жауапкершілігі
Тармақ 10
10. Лицензия алу үшін арыз беруші өзі ұсынған құжаттарының дұрыстығына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында белгіленген төртіппен жауап береді.
Тармақ 11
11. Лицензияланушы лицензиясыз атқарған қызметі үшін белгіленген тәртіппен жауап береді. Лицензиялық тәртіппен белгіленген қызметті лицензиясыз жүзеге асырудан түскен табыс мемлекеттік органдардың талабы бойынша тиісті бюджетке алынуға тиісті.
Бөлім 5. 5. Лицензияны есепке алу және лицензиялық қызметті бақылау
5. Лицензияны есепке алу және лицензиялық қызметті бақылау
Тармақ 12
12. Лицензияны есепке алу және лицензиялық Ереженің сақталуын бақылау лицензиялаушыға жүктеледі.
Тармақ 13
13. Лицензиялық Ереженің сақталуын бақылауға:
Тармақша 1
1) лицензияландырылатын осы қызметтің түріне қойылатын талаптардың оған сәйкестік қызметін тексеру;
Тармақша 2
2) жылыту кезеңінің басталуына объектілердің дайындығын тексеру кіреді.
Тармақ 14
14. Бақылау лицензиялаушының бастамасымен оның бекіткен күнтізбелік жұмыс жоспары бойынша жүргізіледі, онда кезеңдік және лицензияландырылған субъектілерді тексеруді қамту көзделеді. Тәртіптің бұзылғаны туралы ақпарат түскенде жоспардан тыс тексерулер жүргізілуі мүмкін. 15.Тексеру қорытындысы актімен рәсімделеді, оның үлгісін лицензиялаушы бекітеді.
Бөлім 6. 6. Лицензия беруден бас тарту, тоқтату, қайтарып алу және уақытша тоқтату
6. Лицензия беруден бас тарту, тоқтату, қайтарып алу және уақытша тоқтату
Тармақ 16
16. Егер:
Тармақша 1
1) субъектілердің осы санаты үшін белгілі бір қызмет түрін жүзеге асыруға заң актілерімен тыйым салынса;
Тармақша 2
2) осы Ереженің 1 тармағына сәйкес немесе басқа заң актілерімен талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмесе. Арыз беруші көрсетілген кедергілерді жойған жағдайда арыз жалпы негіздер бойынша қаралады;
Тармақша 3
3) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін төленетін лицензиялық алым төленбесе;
Тармақша 4
4) арыз беруші белгіленген біліктілік талаптарына сай жауап беруден босатылады;
Тармақша 5
5) арыз беруші жөнінде оған қызметтің осы түрімен айналысуға тиым салатын сот шешімі болса, лицензия берілмейді.
Тармақ 17
17. Мына себептер бойынша:
Тармақша 1
1) арыз берушіге лицензияланатын қызметті жүзеге асыру құқығын берудің жөнсіздігі;
Тармақша 2
2) өндіруге не сатуға лицензия талап етілетін тауарлардың (жұмыстың, қызметтің) нарықта мол болуы;
Тармақша 3
3) нарықта монополистік жағдайдың қамтамасыз етілуі;
Тармақша 4
4) арыз берушінің жеке басына және іскерлік беделіне күмәндану, соның ішінде бұрын сотталғандығы, егер тыйым салу мен қайтарып алу заңда белгіленген тәртіпке сәйкес өзінің қолданылуын тоқтатқан (өтелген) деп есептелсе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға бұрын тыйым салынғандығы, мұның алдындағы лицензиялардың қайтарып алынуы себеперімен күмәндану бойынша лицензия беруден бастартуға тыйым салынады.
Тармақ 18
18. Лицензия беруге мынадай талаптарды:
Тармақша 1
1) мемлекет мұқтажына міндетті түрде өнім сатып алу туралы;
Тармақша 2
2) алынған лицензияға сәйкес өндірілген тауарларды (жұмысты, қызметті) белгілі бір тұтынушыларға - өткізу не оларды республиканың белгілі аймақтарына жеткізу туралы, соның ішінде белгілі бір әкімшілік аймақтық бөліністен тыс жерге немесе экспортқа шығудан бас тарту туралы талапты;
Тармақша 3
3) өндірілетін тауарға (жұмысқа, қызметке) белгілі бір баға (тариф, нарық) белгілеу туралы, соның ішінде оларды белгілі бір тұтынушыларға алдын ала белгіленген бағамен сату туралы талаптарды шарт етіп қоюға тыйым салынады;
Тармақша 4
4) лицензия беруден бас тартылған жағдайда арыз берушіге лицензия беру үшін белгіленген мерзімде жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарылады.
Тармақ 19
19. Мынадай жағдайда лицензия өзінің іс-қимылын тоқтатады;
Тармақша 1
1) лицензияны қайтарып алу;
Тармақша 2
2) заңды түлғаның қайта құрылуы немесе таратылуы;
Тармақ 20
20. Лицензияның іс-қимылын тоқтатуға байланысты таластар сот арқылы шешіледі.
Тармақ 21
21. Егер заң актілерімен басқа шаралар көзделмеген болса, лицензия мына жағдайларда сот тәртібімен қайтарылып алынуы мүмкін:
Тармақша 1
1) лицензияда көрсетілген талаптарды лицензиялаушы орындамағанда;
Тармақша 2
2) лицензияның іс-қимылын уақытша тоқтату жөніндегі лицензияланушының көрсеткен себептері жойылмағанда;
Тармақша 3
3) лицензияланушыға қызметтің осы түрімен айналысуға сот тыйым салғанда.
Тармақ 22
22. Лицензияланушының лицензиялық ережелерді орындамауы тексеру арқылы анықталады.
Бөлім 7. 7. Лицензияны қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтату
7. Лицензияны қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтату
Тармақ 23
23. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, сот тәртібімен лицензияны мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) лицензиядағы талаптарды лицензиаланушы орындамаса;
Тармақша 2
2) лицензия алған қызмет түрімен лицензиаланушы айналысуына со тиым салса;
Тармақша 3
3) лицензиалаушы лицензианың қолданылуын кідіртіп қойған себептер жойылмаса;
Тармақша 4
4) лицензиаланушы лицензия алу кезінде көрнеу жалған ақпарат берсе, айтарын алынуы мүмкін.
Тармақ 24
24. Лицензия осы Ереженің 20 тармағында көзделген негіздер бойынша сотқа беру жолымен қайтарылып алынуы мүмкін.
Тармақ 25
25. Лицеязиалаушы кідірте тұру себебін көрсете отырып, липензияның қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы. Шағын кәсіпкерлік субъектісі лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруды лицензиалаушының, бақылау және қадағалау міндеттерін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өтініші бойынша сот жүргізеді. Шағын кәсіпкерлік субъектісінің. лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы өтінішін уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен және негіздерде сотқа жібереді. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ерекше жағдайларда шағын кәсіпкерлік субъектісі лицензиясының қолданылуын сот шешімінсіз тоқтата тұруға талап арызды 3 күннен аспайтын мерзімде сотқа табыс ету міндеттеліп, аталған мерзімге рұқсат етіледі. Бұл орайда тоқтата тұру туралы акт сот шешімі шыққанға дейін қолданылады.
Тармақ 26
26. Лицензияланушы лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімге сотқа беру жолымен шағым жасауға құқылы. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың заңдылығы туралы сот шешімі болған жағдайда оны тоқтата тұру мерзімі лицензиалаушы осындай шешім абылдаған күннен бастап есептеледі.
Тармақ 27
27. Лицензияның қолданылуын тоқтату себептері жойылғаннан кейін лицензия қайтадан қолданылады.
Тармақ 28
28. Жекелеген қызмет түрлерін реттейтін заң актілерінде лицензияны қайтарып алумен оның қолданылуын тоқтата тұрудың өзге негіздері мен тәртібі көзделуі мүмкін.
Бөлім 8. 8. Лицензияландырылатын субъектілерге қойылатын кәсіби тәжірибе талаптары
8. Лицензияландырылатын субъектілерге қойылатын кәсіби тәжірибе талаптары
Тармақ 29
29. Лицензияландырылатын қызметпен айналысу құқығы өндіріспен, жылу қуатын беру және таратуды жүзеге асыратын, кәсіби тәжрибесінің деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес келетін шаруашылық жүргізуші субъектіге беріледі.
Тармақ 30
30. Кәсіби тәжірибе талаптарына:
Тармақша 1
1) жұмыс істейтін энергиямен жабдықтау жүйесінің өлшемі мен тәртібі бойынша (кернеулі, қуаттың жиілігі, релейлік және апатқа қарсы қорғану) технологиялық сыйысушылықты қамтамасыз ету жөніндегі қызметтері;
Тармақша 2
2) жобалық құжаттарға және іс-қимыл жасайтын санитарлық, экологиялық нормаларға, электрөртжарылғыш қауіпсіздігі талаптарына, техника қауіпсіздігі және техникалық пайдалану ережелеріне; технологиялық жабдықтарға бейімделген, жөне технологиялық жарақтанған; электр және жылу қуатын есептегіш, тарату және шығынын есептегіш құралдарына сәйкес келетін арнаулы өндірістік ғимараттар мен инженерлік құрылыстар;
Тармақша 3
3) жабдықтарды, механизмдерді, айлабұйымдарды және құралдарды пайдалануды және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін қызметтер; шұғыл-диспетчерлік басқару және байланыс желілері; еңбек қауіпсіздігін бақылау: метрологиялық камтамыз ету;
Тармақша 4
4) лецензиарлардың қазандықтар мен қазандық жабдықтарын пайдаланудың белгіленген ережелерінің біліктілік талаптарын сақтау жөніндегі тексеру актісі;
Тармақша 5
5) жылу энергиясының көздерін дұрыс пайдалану жөніндегі «Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқарма» ММ қазандық-ғаз кадағалау инспекция бөлімінің қорытындысы;
Тармақша 6
6) шетелдік жұмысшы күшін тартуға лицензия, оларды пайдаланатын жағдай болғанда;
Тармақша 7
7) техникалық жетекшілерінің біліктілік құрамының тиісті білімдік деңгейге сәйкестігі және мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі барлар, пайдалану және техникалық қауіпсіздік білімі біліктілік тексеруден өткен мамандар кіреді.