Об установлении тарифа на регулярные социально-значимые перевозки пассажиров на территории Есильского района Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении тарифа на регулярные социально-значимые перевозки пассажиров на территории Есильского района Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 124
- Қабылданған күні
- 06.05.2024
- Көрсетілген редакция
- 06.05.2024 196692_710543.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24SF00124A
- ЭКБ идентификаторы
- 196692
- Редакция идентификаторы
- 196692_710543
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:38
0 Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының аумағында
жолаушыларды әлеуметтік мәні бар
тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1 тармағы 9) тармақшасына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19 бабы 4 және 5 тармақтарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі 1 (бір) километрге 10 (он) теңге мөлшерінде белгіленсін.
2 2. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдануын;
2 2) Осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін оны Есіл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының мәслихаты