Құжат мәтініне өту

О реорганизации республиканского государственного казенного предприятия «Национальный центр тестирования» Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан

Қаулы · № 265 · қабылданған 10.04.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-196723/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О реорганизации республиканского государственного казенного предприятия «Национальный центр тестирования» Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 265 ·10.04.2024
10.04.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О реорганизации республиканского государственного казенного предприятия «Национальный центр тестирования» Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 265 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реорганизации республиканского государственного казенного предприятия «Национальный центр тестирования» Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
265
Қабылданған күні
10.04.2024
Көрсетілген редакция
10.04.2024 196723_699969.kaz
Соңғы өзгеріс
10.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2400000265
ЭКБ идентификаторы
196723
Редакция идентификаторы
196723_699969
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:07

0 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің

«Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Мыналар:

1 1) Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;

2 2) кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру саласында тестілеу өткізу болып айқындалсын.

3 3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) кәсіпорын жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін;

2 2) кәсіпорынды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4 4. «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі қарамағындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Ұлттық тестілеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны».».

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы