Құжат мәтініне өту

Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера объектового масштаба

Өзге акт · № 2 · қабылданған 20.05.2024
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-196780/on/2026-09-03/
Басып шығарылды 2026-09-03 · adilet.kz
Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера объектового масштаба Күшін жойған Өзге акт ·№ 2 ·20.05.2024
16.07.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
03.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера объектового масштаба

Күшін жойған Өзге акт ·№ 2 · 03.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера объектового масштаба
Атауы (қаз.)
Объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2
Қабылданған күні
20.05.2024
Көрсетілген редакция
16.07.2024 196780_711911.kaz
Соңғы өзгеріс
16.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24NB00002B
ЭКБ идентификаторы
196780
Редакция идентификаторы
196780_711911
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:30

0 Объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулысына сәйкес ШЕШТІМ:

1 1. Қостанай облысы Рудный қаласындағы мешіт маңындағы лог ауданындағы Ленин көшесіндегі автомобиль жолының учаскесінде объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

2 2. Аудандық маңызы бар автомобиль жолындағы объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Рудный қаласы әкімінің орынбасары Т.С. Сақтағанов тағайындалсын және объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізуді тапсырсын.

3 3. «Рудный қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:

1

1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2 2) осы шешімнің Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы