Құжат мәтініне өту

Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Кордайского района

Өзге акт · № 24-4 · қабылданған 16.05.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-196803/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Кордайского района Қолданыста Өзге акт ·№ 24-4 ·16.05.2024
16.05.2024 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Кордайского района

Қолданыста Өзге акт ·№ 24-4 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Кордайского района
Атауы (қаз.)
Қордай ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібін бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
24-4
Қабылданған күні
16.05.2024
Қолданысқа енгізілген күні
04.06.2024
Көрсетілген редакция
16.05.2024 196803_700543.kaz
Соңғы өзгеріс
16.05.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24GE00244M
ЭКБ идентификаторы
196803
Редакция идентификаторы
196803_700543
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:32

0 Қордай ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі баскару туралы» Заңының 39-3 бабының 6 тармағына және «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі № 32894 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қордай аудаңдық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қордай ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі бекітілсін.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Қордай ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

Қордай аудандық мәслихатының
2024 жылғы 16 мамырдағы № 24-4
шешімімен бекітілген
Қордай ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

1 1 тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қордай ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі (бұдан әрі - Тәртібі) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес әзірленді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген) және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

2 2. Осы Тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;

2 2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.

2 2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

3 3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

4 4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

5 5. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің және ауылдық округтің әкімі ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.

Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.

6

6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.

7 7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

8 8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

9 9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қордай аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.

10 10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.

Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

11 11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін тиісті аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:

1 1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;

2 2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

3 3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

4 4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

5 5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

Қолданыстағы