Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с услугами, осуществляемыми субъектом специального права акционерным обществом «Национальные информационные технологии»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с услугами, осуществляемыми субъектом специального права акционерным обществом «Национальные информационные технологии»
- Атауы (қаз.)
- Арнайы құқық субъектісі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 273/НҚ
- Қабылданған күні
- 14.05.2024
- Көрсетілген редакция
- 11.04.2025 196805_753749.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.04.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24IPM00273
- ЭКБ идентификаторы
- 196805
- Редакция идентификаторы
- 196805_753749
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:34
0 Арнайы құқық субъектісі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Арнайы құқық субъектісі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің төмендегі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
1 1) «Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметі» және ұлттық шлюзі ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту жөніндегі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» 2023 жылғы 2 тамыздағы № 311/НҚ;
2
2) «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымында орналастырылған мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы 6 наурыздағы № 121/НҚ.
3 3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Корпоративтік басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
0 «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы арнайы құқық субъектісі жүзеге асыратын қызметтерге технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі
Қазақстан Республикы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2024 жылғы «____»________________
№____ бұйрығымен
бекітілген
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы арнайы құқық субъектісі жүзеге асыратын қызметтерге технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі
1
1. Мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жасауға және (немесе) Мемлекеттік орган қызметін автоматтандыруға, оның ішінде мемлекеттік функцияларды автоматтандыруға арналған ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін құру, дамыту, тестілеу, сүйемелдеу және оларға жүйелік-техникалық қызмет көрсету;