О некоторых вопросах Министерства внутренних дел Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах Министерства внутренних дел Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 395
- Қабылданған күні
- 20.05.2024
- Көрсетілген редакция
- 20.05.2024 196823_702010.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2400000395
- ЭКБ идентификаторы
- 196823
- Редакция идентификаторы
- 196823_702010
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:29
0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Алматы облысының полиция департаменті Алатау қаласының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Үлкен Нарын ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Марқакөл ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Абай облысының полиция департаменті Мақаншы ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Абай облысының полиция департаменті Жаңасемей ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Абай облысы полиция департаментінің емханасы бар госпиталі» мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2 2. Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігін ұстауға арналған және жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4 4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.
1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1 1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомстволары аумақтық бөлiмшелерiнің тізбесінде:
«1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 71-жолмен толықтырылсын:
«71. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Алматы облысының полиция департаменті Алатау қаласының полиция бөлімі.»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 104-1-жолмен толықтырылсын:
«104-1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Үлкен Нарын ауданының полиция бөлімі.»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 106-1-жолмен толықтырылсын:
«106-1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Марқакөл ауданының полиция бөлімі.»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 111-11, 111-12-жолдармен толықтырылсын:
«111-11. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Абай облысының полиция департаменті Мақаншы ауданының полиция бөлімі.
111-12. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Абай облысының полиция департаменті Жаңасемей ауданының полиция бөлімі.»;
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:
«1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 14-1-жолмен толықтырылсын:
«14-1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орталығы»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-1-жолмен толықтырылсын:
«21-1. Абай облысы полиция департаментінің емханасы бар госпиталі»;
«2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті» деген бөлімде:
реттік нөмірі 81-жол алып тасталсын.
2 2. Қызмет бабында пайдалану үшін.
3 3. Қызмет бабында пайдалану үшін.
4 4. Қызмет бабында пайдалану үшін.
____________________________