Об утверждении размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары в Атырауской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары в Атырауской области
- Атауы (қаз.)
- Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаcының мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 120
- Қабылданған күні
- 14.05.2024
- Көрсетілген редакция
- 14.05.2024 196864_700318.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24T000120A
- ЭКБ идентификаторы
- 196864
- Редакция идентификаторы
- 196864_700318
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:34
0 Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаcының мөлшерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген) бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға шекті жол берілетін бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеу қағидаларының 10-тармағына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшері күнтізбелік тоқсан күн мерзіміне бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшері
Атырау облысы әкімдігінің
2024 жылғы «14» мамырдағы
№ 120 қаулысына
қосымша
Атырау облысы әкімдігінің
2024 жылғы «14» мамырдағы
№ 120 қаулысымен
бекітілген
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшері
№ п/п
Тауардың атауы
Өлшем бірлігі
Шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшері
1
Бірінші сортты бидай ұны
1 (бір) килограмм
288
2
Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)
1 (бір) килограмм
279
3
Рожки (өлшеніп салынатын)
1 (бір) килограмм
543
4
Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)
1 (бір) килограмм
558
5
Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)
1 (бір) килограмм
771
6
Картоп
1 (бір) килограмм
212
7
Асханалық сәбіз
1 (бір) килограмм
229
8
Басты пияз
1 (бір) килограмм
168
9
Ақ қауданды қырыққабат
1 (бір) килограмм
240
10
Ақ қант - құмшекер
1 (бір) килограмм
584
11
Күнбағыс майы
1 (бір)
литр
883
12
Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)
1 (бір) килограмм
3085
13
Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)
1 (бір) килограмм
1546
14
Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)
1 (бір) килограмм
5141
15
Тауық жұмыртқасы (I санатты)
ондық
705
16
Ас тұзы («Экстра» - дан басқа)
1 (бір) килограмм
104
17
Сүзбе: майлылығы 5 – 9%
1 (бір) килограмм
1948