Аудан әкімиятының резервіндегі қаражатты пайдалану Ережесін бекіту туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Аудан әкімиятының резервіндегі қаражатты пайдалану Ережесін бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Аудан әкімиятының резервіндегі қаражатты пайдалану Ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3-403
- Қабылданған күні
- 16.03.2004
- Көрсетілген редакция
- 19.09.2016 · қолданыстағы 19691_329837.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.09.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V04DK001575
- ЭКБ идентификаторы
- 19691
- Редакция идентификаторы
- 19691_329837
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:20
0 Аудан әкімиятының резервіндегі қаражатты пайдалану Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі "Бюджет жүйесі туралы" Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражатын пайдалану Ережесін бекіту туралы" № 1408 қаулысына сәйкес аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аудан әкімиятының резервіндегі қаражатты пайдалану Ережесі қосымшаға сай бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары Н.А. Түсіповқа жүктелсін.
3 Аудан әкімиятының
2004 жылғы 16 наурыздағы
№ 3-403 қаулысына
қосымша
Аудан әкімиятының резервіндегі қаражатты пайдалану тәртібі
Осы ереже аудан әкімі резервінің қаражатын бөлу және пайдалану ретін белгілейді.
1 1. Жалпы ереже
1 1. Осы Ережеде төмендегідей ұғымдар пайдаланылады:
Аудан әкімиятының резерві тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетте көзделген және бір жолғы сипаттағы көлденең шығыстарды қаржыландыру үшін аудан әкімиятының қаулысы бойынша бөлінетін қаражат.
Көлденең шығыстар - ағымдағы қаржы жылына арналған аудандық бюджетті қалыптастыру кезінде күні бұрын жоспарлауға болмайтын және ағымдағы қаржы жылында қаржыландыруды талап ететін шығыстар.
Аудан әкімият резервінің құрамында сот шешімдері бойынша аудан әкімдігінің немесе жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу үшін қарастырылған қаражат.
2 2. Аудан әкімиятының резерв қаражаты есебінен қаржыландырылатын бір жолғы сипаттағы көлденең шығыстарға төмендегідей шаралар жатады:
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, оған жататын:
1 1) төтенше жағдайлардың пайда болуы нәтижесінде зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету;
2 2) шұғыл қимыл жасайтын авариялық-құтқару және авариялық қалпына келтіру бөлімшелерін құтқарудың техникалық құралдармен, жабдықтармен қосымша жарақтандыру;
3 3) төтенше жағдайлар аймағына күштер мен құралдың тасымалдануын қамтамасыз ету.
Сот шешімдері бойынша аудан әкімиятының жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу.
Аудан әкімиятының резерв қаражаты өзге шығыстарды қаржыландыруға бағытталмауы керек.
2 2. Аудан әкімиятының резерв қаражатын бөлудің және пайдаланудың тәртібі
3
3. Аудан әкімиятының резервінен қаражат бөлуді аудан әкімдігінің қаулысының негізінде, Заңмен белгіленген тәртіп бойынша тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетті несиелендіру мен шығыстары құрамында осы мақсаттарға бекітілген мөлшер шегінде аудандық қаржы бөлімі жүзеге асырады, онда алушы бөлінетін қаражаттың көлемі мен оларды пайдаланудың мақсаттары, сондай-ақ қаражат қайтарымды негізде бөлінген жағдайда оларды берудің, шарттары мен қайтарудың мерзімдері көрсетіледі.
4 4. Аудан әкімиятының резерв қаражатының қатаң мақсатты бағыты болады, оны осы тәртіпте көзделмеген мұқтаждарға пайдалануға болмайды.
5 5. Аудан әкімиятының резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімдігінің қаулысын дайындаған кезде төмендегідей шарттар ескеріледі:
1 1) аудандық бюджетте ағымдағы қаржы жылына арналған қаржының болмауы;
2 2) сот шешімдері бойынша аудан әкімиятының және жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу жағдайларын қоспағанда, аудан әкімиятының резерв қаражатына қажеттілік ағымдағы қаржы жылында пайда болуы және олардың қажеттілігі алушының бұрынғы міндеттемелерімен байланысты болмауы.
3 3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу
6 6. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда аудан әкімияттың резервінен қаражат бөлу туралы өтініштерді аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлім қарайды.
Бұл ретте туындаған төтенше жағдайдың ауқымы аудан аумағы болуы керек.