Об установлении Перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением лиц с инвалидностью, а также размеров льгот
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении Перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением лиц с инвалидностью, а также размеров льгот
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 36/01
- Қабылданған күні
- 22.05.2024
- Көрсетілген редакция
- 22.05.2024 196919_700349.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24HB012020
- ЭКБ идентификаторы
- 196919
- Редакция идентификаторы
- 196919_700349
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:27
0 Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен
пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін,
сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 48-бабына сәйкес, Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшері осы каулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2
2. Сәтбаев қаласы әкімдігінің «Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін бекіту туралы» 2015 жылғы 4 қарашадағы №26/01 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3517 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшері
Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2024 жылғы 22 мамырдағы
№ 36/01
қаулысына қосымша
Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшері
№ р/с
Азаматтар санаты
Жеңілдіктер мөлшері
1
7 жасқа дейінгі балалар
Тегін
2
Көп балалы отбасыларынан оқушы-балалар
Тегін
3
Балалар үйлерінен оқушы - балалар
Тегін
4
Спорт ардагерлері
Тегін
5
Оқушылар
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік
6
Студенттер
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік
7
Зейнеткерлер
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік
* Ескертпе: Осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданады.