Об установлении тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в сельском сообщении Есильского района Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в сельском сообщении Есильского района Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауылдық қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тариф белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 133
- Қабылданған күні
- 17.05.2024
- Көрсетілген редакция
- 17.05.2024 196956_710555.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24SF00133A
- ЭКБ идентификаторы
- 196956
- Редакция идентификаторы
- 196956_710555
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:31
0 Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының
ауылдық қатынастарында
жолаушылар мен багажды
автомобильмен тұрақты тасымалдауға
тариф белгілеу туралы
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабы 2 тармағына, 20-бабының 4), 6) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 6-абзацына, «Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7297 болып тіркелді), Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Барлық маршруттар үшін бірыңғай ауылдық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тариф белгіленсін:
1 1) ересек тұрғындар үшін 120 (бір жүз жиырма теңге) теңге мөлшерінде;
2 2) 7 (жеті) жастан 18 (он сегіз) жасқа дейінгі балаларға - ересек жол жүру құнының 50% - 60 (алпыс) теңге.
2 2. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін «Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
2 2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін оны Есіл ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл аудандық мәслихаты