Құжат мәтініне өту

Об образовании нового района, установлении и изменении границ районов города Астаны

Қаулы · № 181/22-VIII · қабылданған 23.05.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-196971/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об образовании нового района, установлении и изменении границ районов города Астаны Қолданыста Қаулы ·№ 181/22-VIII ·23.05.2024
23.05.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об образовании нового района, установлении и изменении границ районов города Астаны

Қолданыста Қаулы ·№ 181/22-VIII · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об образовании нового района, установлении и изменении границ районов города Астаны
Атауы (қаз.)
Астана қаласында жаңа аудан құру, аудандардың шекараларын белгілеу және өзгерту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
181/22-VIII
Қабылданған күні
23.05.2024
Көрсетілген редакция
23.05.2024 196971_769986.kaz
Соңғы өзгеріс
23.05.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24AAZ13820
ЭКБ идентификаторы
196971
Редакция идентификаторы
196971_769986
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:26

0 Астана қаласында жаңа аудан құру, аудандардың

шекараларын белгілеу және өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 3) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ:

1 1. Астана қаласында жаңа аудан құрылсын.

2 2. Жалпы ауданы 6 953 гектар болатын Астана қаласы жаңа ауданының шекарасы белгіленсін.

3 3. Астана қаласы жаңа ауданының шекарасына 6 953 гектарды беру арқылы жалпы ауданы 8 518 гектар шекара белгіленіп, Астана қаласы «Алматы» ауданының шекарасы осы бірлескен қаулыға және шешімге қосымшаға сәйкес өзгертілсін.

4 4. Осы бірлескен Астана қаласы әкімдігінің қаулысы мен мәслихатының шешімі ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Астана қаласы

2024 жылғы 23 мамырдағы
№ 01-1763 мен
2024 жылғы 23 мамырдағы
№ 181/22-VIII
бірлескен әкімдігінің
қаулысы мен
маслихаттың шешіміне
қосымша

1 1. Астана қаласы «Алматы» ауданының шекарасы.

«Алматы» ауданының шекарасы 8 518 гектарды құрайды және төмендегідей белгіленген:
1-5 нөсерлі кәрізді тазарту құрылысы ауданындағы Есіл және Ақбұлақ өзендерінің қосылған жерінен Ақбұлақ өзенінің бойымен солтүстік-шығысқа қарай Маймекен және Кендірлі көшелерінің қиылысына дейін, одан әрі Маймекен көшесінің бойымен солтүстікке қарай Бұйрат көшесіне дейін, Бұйрат көшесінің бойымен Ақбұлақ өзеніне дейін, Ақбұлақ өзенінің бойымен солтүстік-шығысқа қарай қаланың шекарасына дейін, қала шекарасы бойымен магистральдық темір жолға дейін, магистральдық темір жол бойымен батыс бағыттағы Р. Қошқарбаев даңғылына дейін, Р. Қошқарбаев даңғылының тақ сандар жағымен Сарайшық көшесіне дейін, Арқар көпірі бойымен Есіл өзеніне дейін, 1-5 нөсерлі кәрізді тазарту құрылысы ауданындағы Есіл өзенінің бойымен Ақбұлақ өзенімен қосылатын тұсы.

2 2. Астана қаласы жаңа ауданының шекарасы.

Жаңа ауданның шекарасы 6 953 гектарды құрайды және төмендегідей белгіленген:
Есіл өзенінен Арқар көпірі бойымен Сарайшық көшесімен Р. Қошқарбаев даңғылы бағытында жұп сандар жағымен магистральдық теміржолға дейін, магистральдық темір жол бойымен шығыс бағытта қала шекарасына дейін, қаланың шығыс шекарасымен оңтүстік бағытта Есіл өзеніне дейін, Есіл өзенімен Сарайшық көшесінің бойымен батыс бағытта Арқар көпіріне дейін.
_____________________________________

Қолданыстағы