О внесении дополнений в некоторые постановления акимата города Алматы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в некоторые постановления акимата города Алматы
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2/317
- Қабылданған күні
- 23.05.2024
- Көрсетілген редакция
- 23.05.2024 197008_701422.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24R0002317
- ЭКБ идентификаторы
- 197008
- Редакция идентификаторы
- 197008_701422
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:26
0 Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына толықтырулар енгізу туралы
Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына келесі толықтырулар енгізілсін:
1 1) «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/89 қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
«Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
14 тармақ келесі мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) петицияларды қарау;»;
2 2) «Алматы қаласы аудандары әкімдері аппараттарының ережелерін бекіту туралы» 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 1/47 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты», «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты», «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты», «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты», «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты», «Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты», «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты», «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің ережелеріндегі:
15 тармақ келесі мазмұндағы 9-2) тармақшамен толықтырылсын:
«9-2) петицияларды қарау;».
2 2. Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1 1) Алматы қаласының әділет органдарына олардың Құрылтай құжаттарына енгізілген толықтыру туралы хабарлауды;
2
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді қамтамасыз етсін.