Об изменении границ (черты) города Талгар Талгарского района Алматинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об изменении границ (черты) города Талгар Талгарского района Алматинской области
- Атауы (қаз.)
- Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 20-98
- Қабылданған күні
- 29.04.2024
- Көрсетілген редакция
- 29.04.2024 I197021_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24D0612105
- ЭКБ идентификаторы
- 197021
- Редакция идентификаторы
- I197021_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:44
0 Алматы облысы Талғар ауданы
Талғар қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес және Талғар аудандық мәслихатының және Талғар ауданы әкімдігінің бірлескен ұсынысы негізінде, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихаты шешімінің және Алматы облысының әкімдігі қаулысының қосымшасына сәйкес Талғар қаласының шекарасы (шегі), оның шегіне жалпы ауданы 853,1245 гектар Кеңдала және Алатау ауылдық округтерінің кейбір жерлерін қоса отырып, жалпы көлемі 3268,7500 гектар шекарасында өзгертілсін.
2 2. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихаты шешімінің және Алматы облысының әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі және Алматы облысы әкімдігінің қаулысы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Алматы облысының әкімдігі
2024 жылғы 30 сәуірдегі № 161
мен Алматы облыстық мәслихатының
2024 жылғы 29 сәуірдегі № 20-98
қаулысына қосымша
Талғар қаласының шекарасына (шегіне) қосылатын
Кеңдала және Алатау ауылдық округтерінің жерлері бір бөлігінің экспликациясы
№ п/п
Елді мекеннің атауы
Жалпы жер ауданы (гектар)
оның ішінде:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер (гектар)
елді мекендер жерлері (гектар)
өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждығына және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер (гектар)
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер (гектар)
орман қорының жерлері (гектар)
су қорының жерлері (гектар)
босалқы жерлер (гектар)
1
Кеңдала ауылдық округі
325,8908
232,6746
73,1445
19,5885
-
-
-
0,4832
2
Алатау ауылдық округі
527,2337
478,8903
24,3993
0,2874
-
-
1,7624
21,8943
3
Барлығы
853,1245
711,5649
97,5438
19,8759
-
-
1,7624
22,3775