Құжат мәтініне өту

Об учетной регистрации иностранных граждан, занимающихся миссионерской деятельностью

Қаулы · № 82 · қабылданған 26.03.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-19712/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об учетной регистрации иностранных граждан, занимающихся миссионерской деятельностью Күшін жойған Қаулы ·№ 82 ·26.03.2004
26.06.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об учетной регистрации иностранных граждан, занимающихся миссионерской деятельностью

Күшін жойған Қаулы ·№ 82 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об учетной регистрации иностранных граждан, занимающихся миссионерской деятельностью
Атауы (қаз.)
Миссионерлік қызметпен айналысатын шетел азаматтарының есепті тіркелуі туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
82
Қабылданған күні
26.03.2004
Көрсетілген редакция
26.06.2012 19712_177009.kaz
Соңғы өзгеріс
26.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V04M0001686
ЭКБ идентификаторы
19712
Редакция идентификаторы
19712_177009
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:18

0 Миссионерлік қызметпен айналысатын шетел азаматтарының есепті тіркелуі туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылы 28 қаңтардағы N 136 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 17 шілдедегі N 702 қаулысына сәйкес және миссионерлік қызметпен айналысатын шетел азаматтарын тіркеуді қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қатар, кадрлық өзгерістерге байланысты, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің төрағасы Ішкі саясат департаментімен (А.К. Рзаханов) бірлесе отырып облыс аумағында миссионерлік қызметпен айналысатын шетел азаматтарының тіркелуін қамтамасыз етсін.

2 2. Миссионерлік қызметпен айналысатын шетел азаматтарын есепті тіркеу жөніндегі куәлік қағазы бекітілсін (Қосымша).

3 3. Маңғыстау облысы әкімиятының Миссионерлік қызметпен айналысатын шетел азаматтарының есепті тіркелуі туралы 2003 жылғы 30 қазандағы N 243 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.А.Макежановқа жүктелсін.

5 Маңғыстау облысы әкімиятының

2004 жылғы 26 наурыздағы
N 82 қаулысына қосымша
Маңғыстау облысы әкімі жанындағы
діни бірлестіктермен байланыстар
жөніндегі Кеңесі
Маңғыстау облысында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетел азаматын есепке алуды тіркеу туралы
Куәлік N _______
____________________________________________________________________
(миссионердің тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________________________________________
(діни сенімі, қай діни бірлестікке жатады)
____________________________________________________________________
(рұқсаттың күші жүретін аумақ)
Осы рұқсаттың____________________________дейін күші бар
(күші жүретін мерзім)
Ескерту: Осы рұқсаттың күші жүретін мерзімі аяқталысымен миссионер оның мерзімін заң арқылы белгіленген тәртіппен ұзартуға міндетті облыс аумағынан кетуі тиіс, олай болмаған жағдайда ол заң арқылы белгіленген тәртіп бойынша облыс аумағынан шығарылып жіберіледі.
Облыс әкімінің орынбасары,
Діни бірлестіктермен байланыстар
жөніндегі Кеңес төрағасы ______________________________
Т.А.Ә.
«"______"»______________200___ж.
(берілген уақыты)
_________қаласы

Қолданыстағы