Құжат мәтініне өту

Об установлении границ города Тобыл Костанайского района

Қаулы · № 205 · қабылданған 22.05.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-197156/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об установлении границ города Тобыл Костанайского района Қолданыста Қаулы ·№ 205 ·22.05.2024
22.05.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении границ города Тобыл Костанайского района

Қолданыста Қаулы ·№ 205 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении границ города Тобыл Костанайского района
Атауы (қаз.)
Қостанай ауданы Тобыл қаласының шекарасын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
205
Қабылданған күні
22.05.2024
Көрсетілген редакция
22.05.2024 197156_702755.kaz
Соңғы өзгеріс
22.05.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24N1021810
ЭКБ идентификаторы
197156
Редакция идентификаторы
197156_702755
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:27

0 Қостанай ауданы Тобыл қаласының шекарасын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қостанай ауданы Тобыл қаласының жалпы алаңы 2 794,5 гектар болатын шекаралары белгіленсін.

2 2. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімінің орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Қостанай ауданы Тобыл қаласының шекарасы

Қостанай облысы әкімдігінің
2024 жылғы 22 мамырдағы
№ 205 бірлескен қаулысына және
Қостанай облыстық мәслихатының
2024 жылғы 22 мамырдағы
№ 131 шешіміне
қосымша
Қостанай ауданы Тобыл қаласының шекарасы
Қостанай ауданы Тобыл қаласы шекараларының сипаттамасы
Қостанай ауданы Тобыл қаласының аумағы 2794,5 гектарды құрайды, шекаралары былай белгіленген:
Тобыл қаласының солтүстік-батыс бөлігі Қостанай ауданы Жамбыл ауылдық округінің қолданыстағы шекаралары бойынша өтеді;
Тобыл қаласының шығыс бөлігі Қостанай ауданы Заречный ауылдық округінің қолданыстағы шекаралары бойынша өтеді;
Тобыл қаласының оңтүстік бөлігі Қостанай облысы әкімдігі табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Қала маңындағы орман шаруашылығы мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолданыстағы шекаралары бойынша өтеді;
Тобыл қаланың оңтүстік-батыс бөлігі Қостанай ауданы Мичурин ауылдық округі мен Қостанай ауданы Мичурин ауылының қолданыстағы шекаралары бойынша өтеді;
Тобыл қаласының батыс бөлігі Қостанай ауданының Мичурин ауылдық округі мен Қостанай қаласының қолданыстағы шекаралары бойынша өтеді.

Қолданыстағы