О переименовании и присвоении наименований улицам города Алматы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании и присвоении наименований улицам города Алматы
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласының көшелерін қайта атау және атау беру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2/332
- Қабылданған күні
- 30.05.2024
- Көрсетілген редакция
- 30.05.2024 197201_701896.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24R0002332
- ЭКБ идентификаторы
- 197201
- Редакция идентификаторы
- 197201_701896
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:17
0 Алматы қаласының көшелерін қайта атау және атау беру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес, Алматы қаласы ономастика комиссиясының 2024 жылғы 13 мамырдағы және Республикалық ономастика комиссиясының 2024 жылғы 29 мамырдағы қорытындыларының негізінде, халық пікірін ескере отырып, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Келесі көшелерге қайта атау берілсін:
Бостандық ауданы Юрий Гагарин даңғылының К. Тимирязев көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі бөлігіне Ермек Серкебаев даңғылы;
Әуезов ауданы Юбилейная көшесіне Владимир Толоконников көшесі;
2 2. Келесі көшелерге атау берілсін:
Түрксіб ауданы «Жас қанат» шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге Ескендір Хасанғалиев көшесі;
Бостандық ауданындағы атауы жоқ көшеге Юрий Померанцев көшесі.