Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Өзге акт · № 53 · қабылданған 04.06.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-197318/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута на земельные участки Қолданыста Өзге акт ·№ 53 ·04.06.2024
04.06.2024 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Қолданыста Өзге акт ·№ 53 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута на земельные участки
Атауы (қаз.)
Жер учаскесіне жария сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
53
Қабылданған күні
04.06.2024
Көрсетілген редакция
04.06.2024 197318_704120.kaz
Соңғы өзгеріс
04.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24NKA0053B
ЭКБ идентификаторы
197318
Редакция идентификаторы
197318_704120
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:14

0 Жер учаскесіне жария сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес аудан әкімі Қамысты ауданы әкімдігінің Қамысты ауылдық округі ШЕШТІ:

1

1. Қостанай облысы Қамысты ауылы Қамысты ауылдық округі (Ержанова көшесі – 0 ,0137 га, Ленин көшесі – 0,0032 га) «Талшықты-оптикалық байланыс желісін салу» жобасы бойынша талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту, күтіп ұстау және пайдалану мақсатында B2G сегменті үшін «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына Қостанай облысы Қамысты ауылы аумағында орналасқан жалпы ауданы 0,0169 га жер учаскелеріне 3 (үш) жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану (мемлекеттік сервитут) құқығы белгіленсін.

2 2. «Қамысты ауданы әкімдігінің Қамысты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1

1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қостанай облысы бойынша Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiн ресми жариялау және Эталондық бақылау банкiне енгiзу үшiн, осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмелерін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республиканың Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді қамтамасыз етсін.

2 2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы