Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых приказов

Бұйрық · № 112 · қабылданған 30.05.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-197336/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых приказов Қолданыста Бұйрық ·№ 112 ·30.05.2024
30.05.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых приказов

Қолданыста Бұйрық ·№ 112 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых приказов
Атауы (қаз.)
Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
112
Қабылданған күні
30.05.2024
Көрсетілген редакция
30.05.2024 197336_703231.kaz
Соңғы өзгеріс
30.05.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034456
ЭКБ идентификаторы
197336
Редакция идентификаторы
197336_703231
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:18

0 Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы

1 Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2024 жылғы 30 мамырдағы
№ 112
бұйрығына қосымша
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

1

1. «Қауіпті қалдықтар бойынша есеп нысанын және Қауіпті қалдықтар бойынша есеп нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 164-ө бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7746 болып тіркелген);

2 2. «Экологиялық (жасыл) инвестицияларды іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 224 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10783 болып тіркелген);

3 3. «Қоршаған ортаға эмиссияны қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелер саудасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10976 болып тіркелген);

4

4. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 731 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12927 болып тіркелген);

5

5. «Қоршаған ортаға эмиссияны қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелер саудасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 16 ақпандағы № 52 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14919 болып тіркелген).

Қолданыстағы