Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил использования средств, предусмотренных на представительские затраты, и норм представительских затрат

Қаулы · № 68/4 · қабылданған 24.03.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-19734/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил использования средств, предусмотренных на представительские затраты, и норм представительских затрат Күшін жойған Қаулы ·№ 68/4 ·24.03.2004
27.07.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил использования средств, предусмотренных на представительские затраты, и норм представительских затрат

Күшін жойған Қаулы ·№ 68/4 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил использования средств, предусмотренных на представительские затраты, и норм представительских затрат
Атауы (қаз.)
Өкілеттік шығындарға қарастырылған қаражатты пайдалану Ережесін және өкілеттік шығындардың нормасын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
68/4
Қабылданған күні
24.03.2004
Көрсетілген редакция
27.07.2009 AI19734_2.kaz
Соңғы өзгеріс
27.07.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V04PF002441
ЭКБ идентификаторы
19734
Редакция идентификаторы
AI19734_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:18

0 Өкілеттік шығындарға қарастырылған қаражатты пайдалану Ережесін және өкілеттік шығындардың нормасын бекіту туралы

Мемлекеттiк қаражатты үнемдеу және тиiмдi пайдалану мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Өкiлеттiк шығындарға қарастырылған қаражатты пайдаланудың Ережесi және өкiлеттiк шығындардың нормасы бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмi аппаратының басшысы Н.П. Насоноваға жүктелсiн.

3 Өкiлеттiк шығыстарға қаражатты пайдалану Ережесi

Аудан әкiмдiгiнiң
2004 жылғы 24 наурыздағы
"Өкiлеттiк шығындарға
қарастырылған қаражатты пайдалану
Ережесiн және өкiлеттiк шығындардың
нормасын бекiту туралы" № 68/4
қаулысымен БЕКIТIЛДI
Өкiлеттiк шығыстарға қаражатты пайдалану
Ережесi

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы ережелер өкiлеттiк шығындарға қаражатты бөлудiң және пайдаланудың ретiн белгiлейдi.

2 2. Өкiлеттiк шығындар - бұл тиiстi қаржы жылына аудан бюджетiнде қарастырылған қаражат және бұл шет елдiк делегацияларды қабылдауға, мәжiлiстер, семинарлар, мейрамдық және ресми шараларды өткiзуге бөлiнедi.

Өкiлеттiк шығындарға мынадай шығындар жатады:

1 1) ресми түскi, кешкi тамақ беру және фуршеттер;

2 2) сувенирлер, естелiк сыйлықтар сатып алу;

3 3) автокөлiкпен қызмет көрсету;

4 4) аудармашылардың көрсеткен қызметiне төленетiн төлем;

5 5) шараларды өткiзу үшiн жайларды жалға алу.

2 2. Өкiлеттiк шығындарға қаражатты бөлудiң және пайдаланудың ретi

3 3. Өкiлеттiк шығындарға жергiлiктi бюджеттен қаражатты бөлу аудан әкiмi өкiмiнiң негiзiнде жүргiзiледi.

4 4. Өкiлеттiк шығындарға қаражат бөлу туралы құқықтық актiнi әзiрлеу үшiн негiздеме болып келесi құжаттар танылады:

1 1) шараларды өткiзу қажеттiлiгiнiң негiздемесi;

2 2) ресми делегацияларды қабылдау бағдарламасы;

3 3) шараларды әзiрлеу жоспары;

4 4) қатысушылардың саны туралы деректер;

5 5) әр шығындардың баптары бойынша тиiстi есептерi көрсетiлген шығындар сметасы;

6 6) шығындар сметасы бойынша қаржы органының берген қорытындысы.

Автокөлiк қызметiн, сувенирлердi, естелiк сыйлықтарды сатып алуды, жайларды жалға алуды жоспарлаған жағдайда растау құжаттары (шығындар калькуляциясы, реквизиттер және басқа да деректер) ұсынылады.

3 3. Есеп беру

5 5. Бағдарламаның әкiмгерi тиiстi қаржы органына, өкiлеттiк шығындарға бөлiнген қаржыны пайдалану жөнiнде шаралар өткiзiлгеннен кейiн 10 күннiң ағымында есеп бередi.

Өкiлеттiк шығындарға бөлiнген мемлекеттiк қаражатты мақсатты пайдалануға жауапкершiлiк бағдарламаның әкiмгерiне жүктеледi.

23 Өкiлеттiк шығындардың нормасы

Аудан әкiмдiгiнiң 2004 жылғы
24 наурыздағы "Өкiлеттiк шығындарға
қарастырылған қаражатты пайдалану
Ережесiн және өкiлеттiк шығындардың
нормасын бекiту туралы" № 68/4
қаулысымен БЕКIТIЛДI
Өкiлеттiк шығындардың нормасы
N
р/с
Шығындардың атауы
Бағасы теңгемен
1.
Ресми өткiзiлетiн түскi, кешкi астарға шығатын шығындар (делегациялар үшiн бiр адамға, бiр күнге есептегенде)
3000
2.
Мәдени бағдарламаның шаралары, келiссөз кезiндегi буфеттiк қызмет көрсету
(аудармашыны және тұлғаның қасындағы iлесушiлердi қоса бiр адамға, бiр күнге есептегенде)
650
3.
Делегацияны қабылдайтын мемлекеттiк органның штатында тұрмайтын аудармашының еңбекақысын төлеу (сағат)
350
4.
Көлiк шығының төлеу
600
Ескерту:
Ресми өткiзiлетiн түскi, кешкi астарға қатысатын жергiлiктi мекемелердiң қызметшiлерiнiң саны шет ел делегациясының санынан аспауы қажет.
Делегация құрамының саны 5 адамнан жоғары болған жағдайда делегацияға iлесiп жүретiндердiң және аудармашының саны делегацияның 5 мүшесiне 1 аудармашыдан кем болмауы тиiс.

Қолданыстағы