Об определении максимальных размеров земельных участков, выставляемых на конкурс по предоставлению права временного возмездного землепользования (аренды) для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства в Есильском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении максимальных размеров земельных участков, выставляемых на конкурс по предоставлению права временного возмездного землепользования (аренды) для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства в Есильском районе
- Атауы (қаз.)
- Есіл ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- а-5/101
- Қабылданған күні
- 21.05.2024
- Көрсетілген редакция
- 21.05.2024 197356_702564.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24BK876603
- ЭКБ идентификаторы
- 197356
- Редакция идентификаторы
- 197356_702564
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:28
0 Есіл ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабының 2-1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 31-баптарына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес Есіл ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері айқындалсын.
2 2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Есіл ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері
Бірлескен
Есіл ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 21 мамырдағы
№ а-5/101
қаулысына және
Есіл аудандық мәслихатының
2024 жылғы 21 мамырдағы
№ 8С-21/3
шешіміне қосымша
Есіл ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері
Ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы, гектар
Оның ішінде
егістік
шабындықтар
жайылымдар
Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін
4050
3000
300
750
Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін
27000
20000
2000
5000