Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы

Бұйрық · № 221-НҚ · қабылданған 03.06.2024
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-197456/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Күшін жойған 18.04.2025 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в некоторые приказы

Күшін жойған Бұйрық № 221-НҚ 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы
Атауы (қаз.)
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
221-НҚ
Қабылданған күні
03.06.2024
Көрсетілген редакция
18.04.2025 197456_755180.kaz
Соңғы өзгеріс
18.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034467
ЭКБ идентификаторы
197456
Редакция идентификаторы
197456_755180
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:15
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдармаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 149 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22682 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 124-бабының 1-тармағы 3) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген бюджеттік есептілікті оны қалыптастыру мерзімдері өткеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде, Кодекстің 124-бабының 1-тармағы 4) тармақшасының екінші абзацында (есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп бөлігінде) көрсетілген бюджеттік есептілікті бекітілгеннен кейін бір ай өткен соң, азаматтық бюджетті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы № 15 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16261 болып тіркелген) Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну қағидаларына сәйкес айқындалған тәртіппен ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жиырма бесінші күні Порталда орналастырады.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Кодекстің 124-бабының 1-тармағы 2) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтарында көрсетілген бюджеттік есептілікті оны қалыптастыру мерзімдері өткеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде Порталда орналастырады.».

2. «Ақпарат иеленушілердің ашықтық стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 606-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33860 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпарат иеленушілердің ашықтық стандартында:
9-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Заңның 16-бабының 8-тармағында, сондай-ақ «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілетін Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексінде көзделген ақпаратты интернет-ресурста орналастыру;».

3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі