Об установлении публичного сервитута
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута
- Атауы (қаз.)
- Қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 5
- Қабылданған күні
- 10.06.2024
- Көрсетілген редакция
- 10.06.2024 197479_705508.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24NRB0005B
- ЭКБ идентификаторы
- 197479
- Редакция идентификаторы
- 197479_705508
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:10
0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексі 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес және «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 55 бұйрығымен бекітілген жерге орналастыру жобаның негізінде, Асенкритов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына В2В сегменті үшін талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және қызмет көрсету үшін Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Асенкритов ауылдық округі, Асенкритов ауылы, Аятская көшесі, 55 ғимарат аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,0067 гектар бөлінбейтін жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2 2. «Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін, қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде осы шешімді қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жіберуді;